Ерлерге қарағанда әйелдер қатты жаурайды
Ерлерге қарағанда әйелдер қатты жаурайды
3 жыл бұрын 2443 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израил ғалымдары әйелдердің ерлерге қарағанда суыққа төзімсіз келетінін анықтады. Ғалымдар бұл ерекшелікке ХХ ғасырдың бас кезінен бері жүргізіліп келе жатқан жарқанаттарға қатысты жазбаларды талдай отырып, көз жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы Times of Israel ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тел-Авив университетінің Зоология мектебінің докторы Еран Леуин бұл айырмашылықты ерлер мен ұрғашыларың түрлі температураға артықшылық беруін олардың жүйке жүйесімен байланыстырып түсіндіреді. Оның айтуынша, ерлер мен әйелдер ауруды бірдей сезінбейді. Осылай дей келе ол жыныстық белгісіне қарай білінетін бұл айырмашылықтың құстар мен жарқанаттар арасында кеңінен тарағанын жеткізді. Мәселен, жарқанаттың еркегі суық шалған тау шыңына дейін көтеріледі, ал ұрғашысы ауа температурасы жоғары ойпаң жерледе көп ұшады. Тел-Авив қаласындағы Сураски медицина орталығының және Хайфа университетінің ғалымдары да мұндай айырмашылықтың эволюция үшін пайдалы екенін алға тартып отыр. Израилдік ғалымдардың тұжырымы бойынша бұл айырмашылық өз кезегінде ер мен ұрғашы арасындағы бәсекелестіктен туындайтын агрессияны тежейді. Еркегінің ұрғашы мен балапандарына агрессиясын азайтпақ. Бұдан бөлек, ұрғашының суыққа төзімсіз келуінің тағы бір пайдасы – ұрпақ өрбітетіндіктен қажет кезінде температураны реттеуіне көмектеседі, яғни, әлсіз балапандарын суықтан қорғауына ықпал етпек.

0 пікір
Мұрағат