Ер мен әйелдің ұрығынсыз синтетикалық ұрық жасалды бедеулік пен белсіздікті емдеу үшін
Ер мен әйелдің ұрығынсыз синтетикалық ұрық жасалды бедеулік пен белсіздікті емдеу үшін
2 жыл бұрын 2226 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Синтетикалық эмбрион шәуетсіз және аналық жасушасыз жасалған. Ғалымдардың айтуынша, бұл технология белсіздік пен бедеулікті емдеуде тиімді. Бұл жайында  islam.kz порталы zdorovia.com.ua ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Кембридж университетінің діңгекті жасуша биологтары құрамында сперматозоидтар мен аналық жасушасы жоқ тышқан эмбриондарын жасаған. Синтетикалық эмбрионның ағзаларды қалыптастыра бастағаны айтылды. Ол үшін тек діңгекті жасушалар қажет болды - арнайы функциялары бар жетілген жасушаларға айналдыруға болатын «мамандандырылған» емес жасушалар. Кеміргіш жасушаларының негізінде құрылған тышқан эмбрионы мидың дамуын ғана емес, сонымен қатар, соғып тұрған жүректі, яғни, денені құрайтын барлық дерлік компоненттерді көрсетті. Осы бағытта тер төгіп жүрген ғалымдардың өздері бұл жетістікке қалай қол жеткізгеніне қайран қалып отыр. Ғалымдар бұл жаңалықтың құрсақтағы сүтқоректілердің эмбрионын зерттеу кезінде жолығатын қиындықтарды еңсеруге көмектесетінін алға тартып отыр. Синтетикалық эмбрион жатырдан тыс жерде дамиды. Сол себепті, оны көру оңайырақ болады. Дәлірегі, жатыр ішіндегі даму барысын бақылау арқылы туабітті пайда болуы мүмкін түрлі патологияны ерте бастан анықтауға көмектеспек.

Ұқсас материалдар:

«Донорлық ағзалар үшін діңгекті жасушадан синтетикалық ұрық өсірілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/donorlyq-agzalar-ushin-dingekti-jasushadan-sintetikalyq-uryq-osirildi-17217/#gsc.tab=0);

«Жасушалардың ағзаны қалай қалыптастыратынын көргіңіз келе ме? (видео)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalardyn-agzany-qalai-qalyptastyratynyn-korginiz-kele-me-video-16435/#gsc.tab=0);

«Адам ұрықсыз жолмен пайда бола ала ма (партеногенез)» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/adam-uryqsyz-jolmen-paida-bola-ala-ma-partenogenez-16288/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат