Діңгекті жасушалар алғаш рет химиялық жолмен синтезделді
Діңгекті жасушалар алғаш рет химиялық жолмен синтезделді
2 жыл бұрын 1885 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock

Бейжің университетінің ғалымдары адамның діңгекті жасушаларын соматикалық жасушаларды (Соматикалық жасушалар - бұл тіндер мен мүшелерді құрайтын және эмбриондық діңгекті жасушалардан пайда болатын «дифференциаланған жасушалар», яғни, соматикалық жасушалар - тіндер мен ағзаларды құрайтын, эмбриональды діңгекті жасушалардан пайда болатын «сараланған жасушалар» - kk.nsp-ie.org дерек көзінен) химиялық жолмен қайта бағдарлау арқылы синтездеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын соматикалық жасушаларды плюрипотентті діңгекті жасушалар (Плюрипотентті бағаналық жасушалар – ағзаны құрайтын барлық клеткаларды құрамайды, тек көпшілігін жасап шығарады - stud.kz дерек көзінен) күйіне келтіру үшін аталған жасушалардың өзінің құрамдас бөлігі, мысалы, ооцит цитоплазмасы пайдаланылатын. Қытайдың білікті мамандары эмбрионалды діңгекті жасушалар функциясына ие плюрипотентті діңгекті жасушаларды істеп шығаруға мүмкіндік беретін химиялық заттар әзірлей алған. Бұл жасушалар кез келген тін жасушаларына (эпителиалды, шеміршекті, бұлшық етті, т.б.) айналуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, бұл әдісті ем-домда қолдану арзанға түседі, оңай әрі қауіпсіз –дікгекті жасушаларды өзге жасушаларға айналдыру мен синтездеудің бұрынғы тәсілдеріне қарағанда.

Ұқсас материалдар:

"Діңгекті жасушалардың бір құпиясы ашылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/dingekti-jasushalardyn-bir-qupiyasy-ashyldy-16905/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар діңгекті жасушаларды дыбыстың көмегімен сүйекке айналдырды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-dingekti-jasushalardy-dybystyn-komegimen-suiekke-ainaldyrdy-16460/#gsc.tab=0);

"Діңгекті жасушалар «анасы» регенеравтивті медицина саласына өзгеріс әкеледі" (https://islam.kz/kk/news/gylym/dingekti-jasushalar-anasy-regeneravtivti-meditsina-salasyna-ozgeris-akeledi-16535/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат