Cутегін қауіпсіз ұнтақ түрінде сақтау әдісі табылды
Cутегін қауіпсіз ұнтақ түрінде сақтау әдісі табылды
2 жыл бұрын 3076 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралияның Деакин университетінің докторы Шрикант Матети мен профессор Йиан Шен механикохимияның көмегімен ұнтақ материалдағы газдар мен сұйықтықтарды сіңіру технологиясын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы deakin.edu.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл салыстырмалы түрде ғылымның жаңа тармағы десе де болады – температураның немесе жарықтың әсерінен болатын химиялық реакцияны емес, механикалық әсерден болатын реакцияны сипаттайды. Өз тәжірибелерінде австралиялық ғалымдар қарапайым шар диірменін пайдаланған. Ұнтақталған бор нитриді белгілі бір жағдайларда заттардың кең спектірін (заттардың көбісін) сіңіріп, оларды ұстай алады. Сақталған затты босату үшін ұнтақты қажетті температураға дейін қыздыру керек. Бор нитридінің орнына сіңіру қабілеті жоғары кез келген материалды, мысалы, графенді қолдануға болады. Бастапқыда зерттеушілер парафиндермен жұмыс істеп, мұнай құрамындағы заттарды бөлу технологиясын жетілдіруге тырысты, бұл бағытта бедәуір жетістікке жетті. Содан кейін олар сутегін алып, бірден әлемдік рекорд орнатты - олар ұнтақтағы газды 6,5% деңгейіне дейін жеткізе алған еді. АҚШ Энергетика министрлігі сутегін сақтау шегін 5% ​-ға белгіледі, ал ең озық заманауи қатты дене конструкциялары тек 2-3% құрайды. 1 грамм бор нитриді ұнтағында 0,065 грамға дейін сутегі сақталуы мүмкін, бұл бір жағынан жетістік, екінші жағынан, үлкен кемшілік. Қарапайым есептеу көрсеткендей, әрбір 1 келі сутегі үшін қосымша 14,4 кг салмақ тасымалдануы керек, ал бұл газ сығылған күйде сақталған кезде цилиндр салмағының мазмұнына қатынасы небәрі 9:1 құрамақ. Сұйық сутегі үшін одан да жеңіл тәжірибелік цистерналар бар, сондықтан ұнтақ сутегінің авиация мен көлікте пайдалануы екіталай. Дегенмен, бұл күйде ол өте тұрақты және қауіпсіз, сондықтан оны болашақта үлкен контейнерлерде пайдалану үшін сақтауға болады.

Шаровая мельница

Ғалымдар газдарды бөлу үшін шарлы диірменді пайдаланады

Ученые

Ұқсас материал:

«Күн энергиясын сутекті отын түрінде сақтайтын әдіс табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-energiyasyn-sutekti-otyn-turinde-saqtaityn-adis-tabyldy-16760/#gsc.tab=0);

"Cутегі фотосинтезінің технологиясы: жарықты отынға айналдырады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/cutegi-fotosintezinin-tehnologiyasy-jaryqty-otynga-ainaldyrady-16940/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат