CRISPR гендік редакторының жаңа түрі көру қабілетін қалпына келтірді
CRISPR гендік редакторының жаңа түрі көру қабілетін қалпына келтірді
9 ай бұрын 805 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары CRISPR генді өңдеу немесе редакциялау технологиясының көмегімен көзі нашар көретін кеміргіштің көру қабілетін қалпына келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Experimental Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе соқырлықтың негізгі себептерінің бірі - пигментті ретинитпен ауыратын жануарларға жүргізілді. Аталған дерт фоторецепторлық жүйкедегі 100-ден астам түрлі геннің мутациясынан пайда болады. Шамамен төрт мың адамның бірінде кездесетін ауру. Мұндай патология жарыққа сезімтал таяқша тәрізді жасушалардың дисфункциясы (жасушалар қызметінің бұзылуы) мен жойылуынан басталады, содан кейін түстерді беруге арналған қажетті конустарға таралады. Науқас ақыр соңында көру қабілетін толық жоғалтады. Бұл жолы CRISPR жүйесіне негізделген PE SpRY геномын өңдеудің жаңа түрі қолданылды. Бұл әдіс генетикалық мутациялардың қай жерде орналасқанына қарамастан, бірден көптеген, түрлі генетикалық мутацияларды түзетуге мүмкіндік берді. Ақау шалған немесе өлі фоторецепторларды қоса алғанда ретиналды жүйке жасушаларының геномы редакцияланды. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандардың көруіне қажетті PDE6β ферментін реттейтін геннің ауытқуына тосқауыл қойылды - осы процедурадан кейін ферменттің белсенділігі қалпына келтірілді, нәтижесінде таяқшалар мен конустардың жойылуы тоқтады.

0 пікір
Мұрағат