CRISPR генді редакциялау тәсілімен емдеу қатерлі ісік қаупін тудырады
CRISPR генді редакциялау тәсілімен емдеу қатерлі ісік қаупін тудырады
2 жыл бұрын 2225 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар кейінгі кезде кеңінен қолданыла бастаған генді редакциялауға арналған CRISPR/Cas9 технологиясын абайлап қолдануға шақырды. Бұл жайында islam.kz порталы jpost.com ақпарат көзіне және  аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Biotechnology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тел-Авив университетінің (Израил) ғалымдары генді редакциялауға арналған CRISPR технологиясы тиімді болғаныммен әрдайым қауіпсіз бола бермейтінін ескертіп отыр. Ғалымдардың айтуынша, ДНҚ-ның кейбір фрагменттерін қайта құрылымдау геномның тұрақтылығына қауіп төндіреді, мұның арты қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қаншылақты деңгейде зақымдайтынын анықтау мақсатында генетиктер адамдарды емдеу үшін CRISPR/Cas9 қолданылған алғашқы клиникалық сынақтардың шарттарын қайталады, яғни, алғашқы қолданылған әдісті қайталап көрді. Бұл тараптағы зерттеу Пенсильванияда жүргізілді. Содан кейін ғалымдар өңделген Т-жасушаларын қатерлі ісік терапиясы үшін пайдаланды. Израилдік зерттеушілер өз жұмыстарында Т-лимфоциттердің геномын Пенсильваниядағы тәжірибе кезіндегіндей – адам геномының 23 жұп хромосомасының 2, 7 және 14 хромосомаларында бөлді. РНҚ секвенциясын қолдана отырып, олар әрбір жасушаны бөлек талдап, олардың әрқайсысындағы әрбір хромосоманың экспрессия деңгейін өлшеді. Нәтижесінде кейбір жасушаларда генетикалық материалдар айтарлықтай жоғалғанын. Мәселен, 14-хромосома бөлінгенде жасушалардың шамамен 5%-да бұл хромосоманың экспрессиясы азайған немесе мүлдем жоғалған. Барлық хромосомалар бір уақытта бөлінгенде, зақымдану деңгейі де артқан: жасушалардың 9%-да 14, 10%-да 7 және 3%-да 2 хромосомаларындағы үзілген жерлерді қалпына келтіре алмады. Аталған зерттеуге атсалысқан Асап Мәди есімді ғалым The Jerusalem Post дерек көзіне берген сұхбатында CRISPR технологиясымен өңделген Т-жасушаларының  9%-дан астамында генетикалық материалдың едәуір мөлшері жоғалғанын айта келе мұндай шығыннан геномның тұрақсыздығы орын алуы мүмкін екенін әрі осының кесірінен қатерлі ісіктің пайда болуына жол ашылуы мүмкін екенін тілге тиек етті. Ғалымдар жаңа технологияны пайдалануға толық тыйым салудың қажеті жоқ деп ессептейді, алайда, оны мейліннше абайлап қолдану керектігіне тоқталып отыр. CRISPR технологиясының әлеуеті жоғары, талай ауруды емдеуде өз тиімділігін көрсеткен, ол ол ма, ВИЧ секілді қатерлі дерттің бетін қайтаруда қолданып көрді. Егер аталмыш технологияның кем-кетігін нақты анықтаса, бұл олқылықтардың орнын толтырып, жетілдіре түсу арқылы одан келуі ықтимал қауіптің алдын алуға болады деп санайды.

Ұқсас материалдар:

«CRISPR көмегімен генді редакциялаудың қатері қандай» (https://islam.kz/kk/news/gylym/crispr-komegimen-gendi-redaktsiyalaudyn-qateri-qandai-17093/#gsc.tab=0)

Chromosome segregation In dividing cells. Cell cytoskeleton is depicted in red, DNA is depicted in blue and a protein that marks dividing cells is depicted in green. (credit: TOM WINKLER/BEN DAVID LAB)

0 пікір
Мұрағат