Өлген өрмекшіден робот жасалды (фото+видео)
Өлген өрмекшіден робот жасалды (фото+видео)
2 жыл бұрын 1690 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ұсақ заттарды шашпай-төкпей жинай алатындай етіп өлген өрмекшіні пайдалану әдісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы news.rice.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сүтқоректілер бұлшықеттерін жазу және жиыру арқылы аяқ-қолдарын қимылдатса, керісінше, өрмекшілер гидравликалық қысым арқылы аяқ-қолдарын қимылға келтіреді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, олардың басының жанында арнайы камера бар, ол аяқ-қолы жиырылған кезде қанды аяқтарына жібереді. Қысым төмендегенде, аяқтар бастапқы күйіне оралады. Профессор Даниел Престон мен Техас Райс университетінің аспиранты Фей Йап өлген өрмекшілерде мұндай қимылдарды қолмен тудыруға болатынын дәлелдеп берді. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеу саласын некроботика (necrobotics)  деп атады. Процесс өрмекшінің эвтаназиясынан (өмірін үзу, яғни, иньекция арқылы өлтіру) басталады, содан кейін оның просомалық камерасына ине енгізіледі. Содан кейін инені орнында ұстау үшін ине енгізілген жеріне бір тамшы желім қосылады. Осы инеге бекітілген шприцтің көмегімен камераға аз мөлшерде ауа жіберіледі, нәтижесінде аяқтар қозғала бастайды. Зерттеушілердің пікірінше, өлген өрмекшінің ұлпалары (тіні) ыдырай бастағанға дейін қозғалыс және қатыру процесі шамамен 1000 ретке дейін созылады, яғни, өлген өрмекшіні пайдалану циклі 1000 рет қайталанады. Полимерлі жабындыны үстесе, қызмет мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар.

Daniel Preston and Faye Yap. Photo by Brandon Martin

Профессор Даниел Престон мен Техас Райс университетінің аспиранты Фей Йап 

An illustration shows the process by which Rice University mechanical engineers turn deceased spiders into necrobotic grippers, able to grasp items when triggered by hydraulic pressure. Courtesy of the Preston Innovation Laboratory

A gripper is used to lift a jumper and break a circuit on an electronic breadboard, turning off an LED. Courtesy of the Preston Innovation Laboratory

 

0 пікір
Мұрағат