Құмырсқалар үйірі шешім қабылдарды нейрон желісі секілді әрекет етеді (видео)
Құмырсқалар үйірі шешім қабылдарды нейрон желісі секілді әрекет етеді (видео)
2 жыл бұрын 1801 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл бағыттағы зерттеу құмырсқалар колониясының шешім қабылдау әрекетінің мидағы нейрондар қызметіне ұқсас келетінін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы rockefeller.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рокфеллер университетінің ғалымдары құмырсқалар колонияларындағы шешім қабылдау процесін қадағалау әрі талдау үшін эксперименталды қондырғы әзірледі. Зерттеу нәтижесі құмырсқалардың жауап алу үшін сенсорлық ақпаратты топтық параметрлерімен біріктіретінін көрсетті. Ғлымдардың айтуынша, бұл  күрделі нейрондық желіге ұқсайды. Ғалымдар бұл тарапта құмырсқалардың нарзылығын тудыратын, яғни, температураны қолдан көтеруге болатын жүйе ойлап табады да жәндіктердің әрекетін бақылауға көшеді, яғни, олардың әрбіреуін түрлі түспен белгілеп, камера арқылы қадағалайды. Құмырсқалардан  36 жұмысшы мен 18 дернәсілден тұратын колония температура 34 ° C-қа жеткенде ұяларын көшірді. Қолайсыз жағдай құмырсқаларды орын ауыстыруға мәжбүрледі. Дегенмен, ғалымдар құмырсқалардың әрекеті тек температураға ғана байланысты емес екенін анықтады. Олар колониядағы жәндіктер қарасын 200-ге дейін ұлғайтқанда, көшуге қатысты шешім қабылдауы үшін температураны көтеріп көрді. Мысалы, 200 құмырсқадан тұратын колония температура 36°C-тан жоғары көтерілгенше орнында қалған. Зерттеушілер құмырсқалар ақпарат алмасу үшін феромондарды пайдаланады, деп есептейді. Сонымен бірге, олар осы заттардың концентрациясы бойынша топтың мөлшерін «шамалай» алады. Ғалымдар математикалық моделді пайдалана отырып, колония көптеген параметрлерге негізделген шешім қабылдау барысында аталған заттарды пайдалана алатынын көрсетті. Ғалымдар топтың көбеюі қоныс аударуды қиындатады деп есептейді. Сондықтан құмырсқалар тобы неғұрлым үлкен болса, көшу немесе орын ауыстыру секілді әуресі көп әрекеттерге бірден бармайды, «артын күтеді» немесе тоса тұрады. Рокфеллер университетінің әлеуметтік эволюция және мінез-құлық зертханасының жетекшісі Дэниел Кронауэрдің айтуынша, құмырсқа үйірін конгнитивті жүйе ретінде түсіну үшін жәндіктердің ұжымдық деңгейде деректерді қалай бағалайтынына назар аударудың маңызы зор.

Құмырсқалар үйірі температура көтерілгенде қоныс аударуда. Видео: Gal, Kronauer, PNAS

 

0 пікір
Мұрағат