Болашақтың киімі калмардың қасиетін қайталайды
Болашақтың киімі калмардың қасиетін қайталайды
1 ай бұрын 1927 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Айрықша технология адам денесінің температурасына байланысты матаның тығыздығын арттырады немесе жұқарта алады. Сонымен қатар, материал бар киімге оңай біріктіріледі, яғни, кез келген киім түріне қолдануға болады және жуғанда сапасын жоғалтпайды. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Киім брендтері түрлі ауа-райына немесе жыл мезгілдеріне арналған өнімдерін (мәселен, суықты жылы киім, т.б.) ұсынғанымен мүлдем әмбебап нұсқаларды, яғни, ыстыққа да, суыққа да бірдей киіп жүретін киім түрін таба алмайсыз. Сондықтан Ирвиндегі Калифорния университетінің ғалымдары кез келген температура талабына бейімделетін матаны ойлап тапты. Ғалымдар мұндай бірегей матаны теңіз жануары – калмардың қасиетін ескере отырып ойлап тапқан. Цефалоподтардың сыртқы тіндері күрделі келеді, дәлірегі, жарықты қалауына қарай басқару және жануардың үлгісін өзгерту үшін бір мезгілде бірге жұмыс істейтін көптеген қабаттардан тұрады. Кейбіреулерінде, тіпті, хроматофорлар деп аталатын ағза бар: олар кеңейтілген күйден жиырылған күйге ауысады және көрінетін жарықтың берілу және шағылысу жолын өзгертеді. Сондықтан ғалымдар инфрақызыл спектрде жұмыс істейтін композициялық материал жасады. Жоспарланғандай, ол тепловизор камерасы сияқты адам денесінің қызуын анықтап, содан кейін қажетті температураға реттеледі - жұқарады немесе тығыздалады. Бұған инфрақызыл сәулені беру немесе көрсету үшін алыстап, бір-біріне жақындайтын мыс «аралдары» бар арнайы полимерлі композиция көмектеседі. Ғалымдар мұнымен ғана шектеліп қалмай, адам денесін желдету үшін әр жерінен саңылау жасады, бұл саңылаулар материалды жуғанда тозудан сақтайды әрі ауа өткізуге мүмкіндік берді. Содан кейін, ақырында, олар оны жұқа пленка түрінде матаға біріктірді.

0 пікір
Мұрағат