Биоинженерлер тірі организм ішінде электрoд өсіре алды
Биоинженерлер тірі организм ішінде электрoд өсіре алды
1 жыл бұрын 890 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл технология көмегімен электроника имплантациясын арнайы гидрогел арқылы организм ішінде желі өсірумен алмастыруға болады. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім еттеді. Швециялық биоинженерлер тірі ұлпаның (тіннің) ішінде электродтарды қалыптастыру технологиясын ойлап тапты. Олар алғаш рет тірі жасушалардың ішінде икемді электр өткізгіш құрылғыларды сәтті өсіре алған. Аталмыш технология неврологиялық ауруларды емдеуге және ми мен компьютердің өзара әрекеттесуі үшін интерфейстерді әзірлеуге пайдалы болады. Классикалық жартылай өткізгіштік технологияларға негізделген кәдімгі биоэлектрониканы қолдану аясы шектеулі, деп түсіндіреді ғалымдар. Мұндай құрылғылардың бекітілген және статикалық конструкциясы бар, оны биологиялық жүйелермен біріктіру немесе кіріктіру қиын. Балама ретінде биоинженерлер тірі ұлпаларда жұмсақ, субстратсыз, электронды өткізгіш материалдарды жасау әдісін әзірледі. Оларды жасау үшін ғалымдар тірі тіндерге «құрастыру молекулалары» ретінде әрекет ететін ферменттері бар гелді енгізеді. Дене заттарымен байланыс өз кезегінде гелдің құрылымын өзгертіп, электр өткізетін қасиет дарытады. Ғалымдардың айтуынша, электродтардың пайда болуына дененің эндогендік молекулалары жеткілікті, генетикалық модификацияның (өңдеудің немесе түрлендірудің), сондай-ақ, жарық немесе электр энергиясы сияқты сыртқы сигналдардың қажеті болмайды. Жаңа технологияның көмегімен инженерлер жолақты балықтардың миында, жүрегінде және құйрық қанаттарында және емдік сүлгілердің жүйке тіндерінің айналасында электродтар түзе алды. Материал иммундық реакция тудырмады және ағзалар мен организмнің қалыпты жұмысына ешқандай әсер етпеді, яғни, кері әсері болмады. Электродтарды жасау технологиясы электродтар түзілетін биологиялық қосалқы құрылымдарды таңдауға, гидрогелді «нысанасына бағыттауға» мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жүйке стимуляциясы үшін қолайлы интерфейстердің өсуіне мүмкіндік береді. Болашақта тірі организмдерде толық интеграцияланған электронды схемаларды жасауға болады, деп есептейді ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат