Бауырды май басумен күресудің тиімді әдісі табылды
Бауырды май басумен күресудің тиімді әдісі табылды
41 минут бұрын 76 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тайуан ұлттық университетінің ғалымдары бауырды май басу қатерін азайтуға көмектесетін әрі май жиналған аталмыш ағзаның жұмысын жақсартатын иньекциялық гидрогел әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Healthcare Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа дәрі организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуымен байланысты пайда болатын бауыр ауруларын емдеуге арналған. Сарапшылардың дерегінше, бүгінгі таңда адамзаттың шамамен 38 пайызы бауыр ауруынан зардап шегеді. Бұған ең алдымен денсаулыққа зиянды тағамдардың жаппай тұтыну көрсеткішінің артқаны себеп болып отыр. Гидрогел бауыр жасушаларынан, бауыр тінінің компоненттерінен және танин қышқылынан (табиғи өсімдік қосындысы) тұрады. Бұл дәрі зақымдалған бауыр құрылымын қалпына келтіруге көмектеседі «рі аталған ағза ұлпасында қабыну қатерін төмендетеді.

0 пікір
Мұрағат