Барлық қан тобын әмбебап етудің жолы табылды
Барлық қан тобын әмбебап етудің жолы табылды
2 жыл бұрын 1709 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Торонто университетінің профессоры Марсело Сайпел тобының ғалымдары донорлық органның жасушаларын қан тобының антигендерінен тазартуға және оларды кез келген топтағы науқастарға трансплантациялауға мүмкіндік беретін әдісті ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ғалымдар белгілі бір топтағы қанды өзге қан тобына айналдырудың немесе әмбебап 1-ші қан тобын алу үшін жасушаның беткі жағындағы антигендерді жоюдың тәсілін іздестірген болатын. Аталмыш зерттеу барысында ғалымдар адамның екі ферментін пайдаланған болатын:

  • N-ацетил-альфа-D-галактозами-деацетилазу (FpGalNAc-deacetylase).
  • D-галактозамин-галактозаминидазу (FpGalactosaminidase). 

Екеуі де жасушадан қан тобының агглютининын жоя алады. Бұл тарапта ғалымдар трансплантациялауға (өзге организмге қондыруға) жарамаған өкпеге тәжірибе жүргізеді: оны (өкпе) донорлық ағзаны сақтау үшін жасанды жолмен қан айдайтын EVLP жүйесіне орналастырады. Ғалымдар алдымен белгілі бір ағзаға келетін сұйықтыққа қан тобын өзгертетін ферментті қосып көреді, ал екінші өкпе әдеттегі қорекпен қамтамасыз етілетін жүйеде болады. Содан соң ғалымдар қан тобы сәйкес келмейтін пациенттің организіміне өкпені орналастыру процесін моделдеген: ағзаны сәйкес келетін антидененің мөлшері көп қанға батырып көрген. Екінші өкпеде жатырқау реакциясы пайда болған, ал алғашқысы қалыпты функциясынан танбаған. Өйткені, оның жасушаларының беткі жағындағы антигендердің 97%-дан астамы жойылған. UBC биохимигі, дәрігер Стивен Уизерстің айтуынша, бұл тәжірибе әмбебап қан тобы бар ағзаларды жасауға көмектеседі. Таяу болашақта жаңа технология клиникалық сынақтан өткізіледі. 

0 пікір
Мұрағат