Ауырсынуды басатын тәсіл табылды
Ауырсынуды басатын тәсіл табылды
2 жыл бұрын 6531 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар ауырған жердің ауырсынғанын басатын жаңа дәрі жасады. Бұл арада дәрінің жасалуынан бұрын ғалымдардың ауруды басудың жолын қалай тапқаны маңызды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Сommunications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Баффалодағы Нью-Йорк штаты университетінің ғалымдары анықтағандай, дененің қандай бір жері аурудың пайда болғанын, яғни, жанға батқан дертті білдіру үшін кальцитонин генімен байланысқан пептидті қамтитын нейронның ерекше түрі - эндоцитозды қоздырады, осы процесте жасуша қатты бөлшекті немесе тірі жасушаны қармайды. Белгілі болғандай, олар әдетте жұлын ганглионындағы басқа сезімтал нейрондар көрсетпейтін AP2A2 қосалқы бірлігін экспрессиялайды. Ғалымдар анықтағандай, аталмыш қосалқы бірлік қабындырушы аурудың дамуына атсалысатын болып шықты. «Біз эндоцитозді генетикалық тұрғыдан немесе фармакологиялық жолмен басқан кезде аурудың айтарлықтай азайғанын байқадық»,- деді осынау зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Рашин Пауэлл. Ауруға жауапты нейрон ұштарына липидтелген AP2 пептиді енгізілгенде олардың гипер белсенділігі айтарлықтай басылған екен. «Эндоцитозды басу арқылы біз нейрондардың орталық жүйке жүйесіне ауру туралы ақпаратты беру қабілетін тұншықтырдық»,- деді Рашин Пауэлл. Тәжірибедегі жануарларда пептидің әсері алты  күнге дейін созылған. Бұл ауруды басатын жаңа дәрінің ең басты артықшылығы – ол тәуелді ететін кейбір ауруды сездірмеуге арналған апиын секілді есірткілік заттарды қолдану зәрулігін жояды.

0 пікір
Мұрағат