Ауадан отын алудың тәсілі табылды
Ауадан отын алудың тәсілі табылды
4 жыл бұрын 7775 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары атмосферадан қандай да бір энергия шығынынсыз отын алуға мүмкіндік беретін, көмірқышқыл газынан метанол алу технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл пассивті жүйе (яғни, баяу жұмыс істейтін жүйе) – бұл жүйе жұмыс істеуі үшін су мен ашық кеңістік жетіп жатыр. Басты құпиясы – жердегі температураның тәуліктік ауытқуын (яғни, күндізгі ыстықты түнгі суық алмастыратын кезді) пайдалануда жатыр. Қытай физиктері мен химиктерінің бұл жетістігі болашағы зор перовскит материалына негізделген, дәлірегі, аталмыш материал висмут вольфрамымен біріктірілсе, қоршаған ортадан жылуды тиімді жинайды. Ол шөл даладағы температураға сай 15 °C-70 °C температура диапозонында жұмыс істейтін нанопластиктен жасалған. Мұндай тәсілмен жиналған энергия мардымсыз болғанымен ол CO2-ні, яғни, көмірқышқыл газын метанолға дейін пироэлектрлік каталитикалық айналдыру үшін жеткілікті.  Бұл тарапта жүргізілген тәжірибе барысында температураның 20 цикл (айналу немесе алмасу кезеңі) қорытындысы бойынша метанолдың 5,5×10-5 г/молі түрінде нәтижеге қол жеткізілген. Осылайша атмосферадан зиянды газды бөліп, ол отынға айналдырылды.

0 пікір
Мұрағат