Асқан дәлдікпен жұмыс істейтін робот жүгері дәніне ота жасады (видео)
Асқан дәлдікпен жұмыс істейтін робот жүгері дәніне ота жасады (видео)
2 ай бұрын 791 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Sony корпорациясы жүгері дәніндегі кішкене жыртықты тігуге аалатын жаңа хирургиялық роботты жұртшылық нзарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm  ақпрат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Sony микрохирургиялық роботы түрлі аспаптар арасында автоматты түрде ауысатын осындай бірінші «ассистент» ретінде алға шығады. Өзгеше құрылғы жануарлар хирургиясында сынақтан сәтті өтті. Sony оның қалай жұмыс істейтінін жүгері дәніне операциясы арқылы көрсетті. Робот хирургтарға супермикрохирургиялық операцияларды жасауға және диаметрі 1 мм-ден аз қан тамырлары мен нервтерді тігуге көмектесу үшін жасалған. «Бұл робот мен қалағандай қозғалады. Бұл мен және робот арасындағы ассимиляция сияқты... ол менің саусақ ұшым сияқты қозғалады... Менің ойымша, ол өте қабілетті», - деді роботты сынақтан өткізген дәрігер Хисако Хара. Робот қазіргі уақытта прототип түрінде тұр және аз кідіріспен қашықтан басқару құрылғысы ретінде аалға шығады. Оны пайдалана отырып, хирург жұптасқан, сезімтал, қалам тәрізді контроллерді басқарады және әрекетті 4K ажыратып көрсету дәлдігі бар 3D камераларының кішкентай стереоскопиялық жүйесі арқылы қарайды. Деректер OLED экрандарына жөнелтіледі.

 

0 пікір
Мұрағат