Арабтар шөлде өсімдік өсірудің тың тәсілін тапты
Арабтар шөлде өсімдік өсірудің тың тәсілін тапты
3 жыл бұрын 2369 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиялық ғалымдар гидрогелді пайдалана отырып, ауадан суды пайдалану арқылы саумалдық (шпинат) өсіретін жүйе ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. WEC2P деп аталатын бұл жүйе күн сәулесінен энергия жинайтын фотоэлектрлі панелден тұрады. Ол су жинауға арналған метал контейнерге орнатылған гидрогел қабатының беткі жағында болады. Ғалымдар гидрогелді бұрынғы зерттеулерінде жасап шығарған еді – аталмыш материал қоршаған ортадан су буын тиімді жолмен сіңіре алады. Бұл тарапта ғалымдар электр энергиясын өндіру әрі гидрогелден суды жою үшін күн панелінен өңделген жылуды пайдаланған болатын. Төменгі жағындағы метал жәшік буланып, газды суға айналдырады, яғни, газды суға конденсиялайды. Гидрогел жылуды сіңіру әрі панел температурасын төмендету есебінен күн фотоэлектрлі панелінің тиімділігін 9%-ға арттырады. Бұл бағытта WEC2P қондырғысын ең аптап ыстық кезде, дәлірегі, маусым айының екі аптасында арнайы сынақтан өткізіп, мүмкіндігі мен тиімділігін тексеріп көрген еді. Суда өсетін саумалдықты суғару үшін тек ауадан алынған суды пайдаланған. Бұл тәжірибе барысында көлемі мектеп партасындай болатын күн панелі сағатына 1519 ватт электр қуатын өндіріп, судағы 60 саумалдық тұқымының 57-ін 18 сантиметрге дейін өсірген. Жүйе жұмыс істеген екі апта ішінде ол шамамен 2 литр суды конденсациялады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан корол Абдолла атындағы ғылым және техника университетінің қоршаған орта және инженерия ғылымының профессоры Пен Уан қоршаған ортаға зияны жоқ таза энергия, су және азық-түлік алудың кіріктірілген (интеграцияланған) жүйесін жасауды алдарына мақсат етіп қойғандарын жасырмады.

0 пікір
Мұрағат