Мұсылман еліндегі халықтың әл-ауқатын көтеретін бағдарлама әлеуметтік-экономикалық реформадан кем түспейді
Мұсылман еліндегі халықтың әл-ауқатын көтеретін бағдарлама әлеуметтік-экономикалық реформадан кем түспейді
2 жыл бұрын 1740 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мұсылмандар саны жағынан Индонезиядан кейінгі орында тұрған, ресми статистика бойынша халқының 96%-ын мұсылмандар құрайтын, оның 91%-ы сүниттерден, қалған 5%-ы шиғалардан тұратын Пәкістанда шын мәнінде әлеуметке бағдарланған, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруді көздейтін аса ірі бағдарлама іске қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, шағын бизнеске, тұрғын үй құрылысына, ауыл шаруашылығына, сондай-ақ, жастардың кәсіби білім алуына пайызсыз несие беріледі. Dunya News пәкістандық телеарна хабарынша, Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан бұл бағдарлама туралы өз аузымен мәлімдеді. Бұл тарапта мемлекет тарапынан "Жаңа Пәкістан" бағдарламасына 407 млрд рупи (2,29 млрд доллар) қаражат бөлінеді. Осы орайда экономикасы шатқаяқтаған ел үшін мұндай қаражаттың қаншалықты қиындықпен келгенін айта кету керек. Соның ішінде, халықтың 4,5 млн әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғынына нақты қолдау көрсетуге бағытталады. Сондай-ақ, баспанаға мұқтаж тұрғындар үшін 5 млн тұрғын үй тұрғызылады. Бұдан бөлек, аталған ел үкіметі елдегі электр энергиясының бағасын төмендетуге уәде беріп отыр – аталған ел үшін бұл шара рекордтық деңгейде жиналған салық есебінен жүзеге асырмақ. Дәлірегі, жанармай-жағармай литрінің бағасын 10 рупиге дейін, ал электр энергиясының тарифін киловатына 5 рупиге төмендеткен. Пәкістан әлем бойынша аталған энергия түрлеріне баға өсіп жатқан бүгінге таңда осындай қадамға барып отырған жалғыз ел десе де болады. Өйткені, елдегі билікке талас-тартыс ушығып келеді – әлемдегі газ бағасының өсуіне, энергетикалық дағдарыстың тереңдеуіне, елде көміртек ресурсының жоғына қарамастан халыққа көмегі көп шараларды қолға алып жатыр. Әлемде 2021-2020 жылдар аралығында көміртек ресурсының бағасы 70%-ға қымбаттаған. Ал электр энергиясы өндірісінің бағасы екі еседен аса өскен.

0 пікір
Мұрағат