Ақпаратты есте сақтау тетігі анықталды
Ақпаратты есте сақтау тетігі анықталды
4 ай бұрын 469 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Дармут колледжінің ғалымдары ақпараттың мида орнығу процесінің тың аспектісін, яғни, есте сақтаудың сырын ашатын зерттеу нәтижесін жариялады. Бұл жаңалық өз кезегінде мидың ақпаратты жадыдан алу процесін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Neuroscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар мидың ақпаратты «фотографиялық негатив» деп сипаттауға болатын тетік арқылы кодтайтынын анықтады. Аталмыш тетік қабылдау және есте сақтау жүйелері арасындағы ақпаратты тасымалдауда шешуші рөл атқарады. Функционалды магниттік-резонансты бейнелеуді (fMRI) қолданатын зерттеу қарама-қарсы кодтау механизмін анықтады. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысушылар қабылдау мен есте сақтаумен байланысты тапсырмаларды орындады. Жарық көз торына түскенде мидың көрнекі аймақтарының белсенділігі артқан. Сонымен қатар, мидың есте сақтау аймақтарының бірдей көріністерді өңдеу кезінде белсенділігі төмендеген. Яғни, бірыңғай көріністен есте сақтау қабілеті төмендеген. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі үш негізгі қорытындыны растады: жады жүйелерінде визуалды кодтау принципін, яғни, көру арқылы сақтау, жады жүйелеріндегі инверттелген визуалды код және есте сақтау кезінде осы қатынастардың өзгеруі. Адам бір нәрсені есіне түсіргенде, есте сақтау жүйесі қабылдау аймақтарындағы белсенділікті басады.

0 пікір
Мұрағат