Антибиотикке төзімді бактерияларды жейтін вирустар...
Антибиотикке төзімді бактерияларды жейтін вирустар...
2 жыл бұрын 3172 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Грузин ғалымдары антибиотикке төзімді бактериялармен күресте тың тәсіл ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ғалымдар бұл тарапта бактериофагтарды пайдаланған. Осы тұста мынадай фактіні келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: екі жыл бойы антибиотикпен емдеу нәтиже бермегеннен кейін ғалымдар Тбилисиден жіберілген бактериофагтарды қолданды. Нәтижесінде науқас үш айда инфекциялық дерттен  айығып кетті. Элиава бактериофагтарр институтының ғылыми қызмкеткері Мзия Кутателадзе әдетте бұл әдісті, яғни, антибиок көмектеспеген науқастарға қолданатынын ілге тиек етті. Оның айтуынша, жеңіл инфекцияның өзінен адам өліп кетуі мүмкін, өйткені, ауру қоздырғыш бакериялар дәрі-дәрмекке бой бермей барады. Бұл бағытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдегендей, бактериялардың антибиотикке төзімділігі бүгінде ғаламдық дағдарыс деңгейіндегі проблемаға айналған. Міне, осындай себеппен, ғалымдар жатпай-тұрмай ізденіп, емдеу тәсілдерінде адам жасушасына зиян келтірмейін жолдарын қарастыруда. Соның бірі – бактериофагтарды пайдалану стратегиясы. Десе де фаг негізіндегі препараттар антибиотиктерді толығымен алмастыра алмайды. Дегенмен, ғалымдар олардың көптеген артықшылықтары барын алға тартып отыр: олар арзан, организмге кері әсері жоқ, ағзалар мен ішек флорасын зақымдамайды. Ол ол ма, ғалымдар бактериофагтарды бактерияларды көбірек жоюға үйретуге болатынын да алға тартып отыр. Экологиялық жүйеде, дәлірегі, ыстық қайнарлардан бастап, тұзды көлдерге дейін бактерияларды жоятын вирустар кездеседі. Бактериофагтар немесе қысқартып айтқанда «фагтар» - бактерияларды арнайы зақымдайтын вирустар. Фагтар және басқа вирустар тірі организмдер болып саналмайды, өйткені олар басқа организмнің көмегінсіз және жасушалық аппаратынсыз биологиялық процестерді өздігінен жүргізе алмайды. Бұл олардың зиянсыз екенін білдірмейді: фагтар экожүйенің өзгеруінің негізгі қозғаушы күші болып табылады, олай дейтінімз, олар бактериялардың популяциясымен «қорек етеді», олардың метаболизмін өзгертеді, антибиотиктерге төзімділікті таратады және жануарлар мен адамдарда ауру тудыратын қосылыстарды тасымалдайды. Бұл «басқыншылар» туралы көбірек білу үшін зерттеушілер дүние жүзіндегі 30-ға жуық түрлі ортадан жиналған үлгілерден жасалған ДНҚ дерекқорын қарап шықты. Осы ДНҚ-дан ғалымдар геномдары орташа фаг геномынан төрт немесе одан да көп есе үлкен 351 үлкен фагты тапты. Олардың ішінде бүгінгі күнге дейін табылған ең үлкен фагтың геномы 735 000 жұп негіз – ДНҚ молекуласының «баспалдақ» құрылымының сатыларын құрайтын жұп нуклеотидтер немесе орташа фагтан 15 есе дерлік үлкен. (Адам геномында шамамен 3 миллиард базалық жұп бар). Беркли университетінің Джилл Банфилд  есімді ғалымының айтуынша, бұл фагтар бактериялар мен археялар сияқты «дәстүрлі вирустар мен дәстүрлі тірі организмдер деп атайтындар арасындағы гибридтер» болып табылады. Мәлімдемеге сәйкес бұл үлкен фагтың геномы көптеген бактериялардың геномдарынан әлдеқайда үлкен. Ғалымдар гендердің көпшілігі бізге әлі белгісіз ақуыздарды кодтайтынын анықтады. Бұл тарапта фагтарда вирустарға тән емес, бактерияларға тән бірқатар гендер бар екенін анықтады. Бұл гендердің кейбірін бактериялар вирустармен күресу үшін қолданатын жүйенің бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, ғалымдар фагтардың кейбірінде рибосомалардың жұмыс істеуі үшін қажетті ақуыздарды кодтайтын гендер, генетикалық материалды ақуыздарға айналдыратын жасушалық аппараттар (ақуыздар ДНҚ нұсқауларын орындайтын молекулалар) бар екенін анықтады. Бұл ақуыздар әдетте вирустарда болмайды, бірақ, олар бактериялар мен архейлерде кездеседі. Зерттеуге сәйкес осы жаңадан ашылған фагтардың кейбіреулері өздерінің ақуыздарының көбірек көшірмелерін жасау үшін қабылдаушы бактерияларындағы рибосомаларды пайдалана алады. Ал рибосом (тірі жасушаның мембранасы жоқ маңызды органелласы) өліден тіріні ажырататын нәрсе – рибосомның болуы тіршііктің белгісі – генетикалық материалды аударатын (тарнсляциялайтын) тетік ретінде қызмет етеді; тірі мен өліні, бактерия мен вирусты ажырататын негізгі белгілердің бірі.

Қарай отырыңыз: 

"Бактерия вирусқа қалай қарсы тұрады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriya-virusqa-qalai-qarsy-turady-16562/#gsc.tab=0);

"Табиғатта вирустық ауруларға ем жоқ". Бактериялар мен вирустар арасындағы айырмашылық" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tabigatta-virustyq-aurularga-em-joq-bakteriyalar-men-virustar-arasyndagy-aiyrmashylyq-14138/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат