Ана сүтінің ерекше қасиеті белгілі болды
Ана сүтінің ерекше қасиеті белгілі болды
3 жыл бұрын 2070 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ана сүтінің құрамында кездесетін олигосахарид шарананы стрептококкадан пайда болатын инфекциялық аурулардың алдын алатын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы acs.digitellinc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ана сүтінің аса қауіпті ауру қатерінен сақтайтын осындай қасиетке ие екені Америкалық химия қауымдастығының жиналысында айтылды. Сепсис (бұл ауру туралы келесі жазбаларымызда айтып өтеміз – ред.) пен менингитке апарып соқтыратын, антибиотикке төзімді стрептококка әдетте анадан балаға босану кезінде беріледі. Сол себепті, аталған инфекция бойынан анықталған аяғы ауыр әйелге антибиотик беріледі – шарананың алғашқы аптасында алдын алу үшін. Бір қызығы, аталған бактериядан асанды жолмен қоректендірілетін, бір аптадан үш айға дейінгі шараналар жиі зардап шеккен. Вандербильт университетінің ғалымдары зертханада ана сүтінен бөлінген олигосахаридтердің стрептококка жұққан В тобындағы плацентарлы макрофагтарға және ұрық қабығының жасушаларына әсерін зерделеп көрді. Көміртекпен екі жағдайда да бактерияның өсіп—өнуін тоқтата алған. Олигосахарид буаз тышқанның бойындағы стрептококка инфекциясын да басып тастады. Ғалымдардың айтуынша, бұл көміртектер стрептококка инфекциясының екі себеп бойынша алдын алған: олар бактерияның тінге жабысуына кедергі келтіре отырып, антиадгезивті құрал ретінде алға шығады әрі «пайдалы» бактериялардың өсіп-өнуін ынталандыратын пребиотик болып табылады. Десе де ана сүтінің 200-ден аса олигосахаридтерінің қайсысы микробқа қарсы күресе алатыны әлі анықталған жоқ. Америкалық ғалымдар бұл тараптағы зерттеуді одан ары тереңдетуді көздеп отыр. Аталмыш зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Стивен Таунсендтің айтуынша, олигосахаридтердің белгілі бір тобының болашақта балалар мен аналарды емдеуге арналған антибиотиктерді алмастыруы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат