Аллергия кейбіреулерде бар, кейбіреулерде жоқ – сыры неде?
Аллергия кейбіреулерде бар, кейбіреулерде жоқ – сыры неде?
4 жыл бұрын 2779 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі білімге құштар жастардың арманына айналған Гарвард университетінің (АҚШ) ғалымдарының бұл тараптағы зерттеу нәтижесі аллергияға кей адамдардың неліктен ұшырайтынын көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған беделді Nature мерзімді басылымына сілтеме асай отырып мәлім етеді. Аллергиялық реакция тетігі жан-жақты әрі тиянақты зерделенген: қоздырғыштың (аллергеннің), мәселен, өсімдік шаң-тозаңы организмге тап болғаннан кейін қан құрамында антидене - Е иммуноглобулины (IgE) деп аталатын ақуыз молекуласы пайда болады. Естеріңізде болса, осыдан екі күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Антидене дегеніміз не өзі?!» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/antidene-degenimiz-ne-ozi-14951/#gsc.tab=0) антидененің адам организімінің қорғаныс қабілетінде, дәлірегі, иммундық жүйеде қандай маңызды рөл атқаратынын айтып өткенбіз. Аталмыш антидене иммундық жасушалармен байланысып, қанмен бірге айналады. IgE ақуыз молекуласымен байланысқан иммундық жасушалар аллергенмен (қоздырғышпен) қайта «кездескенде» аллергиялық симптомдарды тудыратын затты белсенді түрде бөлетін болады. Аллергиялық симптомның анафилактикалық шок деп аталатын ең қатерлі түріне дейін тудыруы мүмкін. Десе де осы уақытқа дейін аллергиялық реакцияның кей адамдардың бойынан неліктен білінетіні жұмбақ күйінде қалып келген еді: дәлірегі, белгілі бір аллергенге (қоздырғышқа) жауап ретінде пайда болатын IgE-антиденесінің көптеген адамдардың бойында пайда болып, қанмен айналымда болғанымен оның симптомдары неге білінбейтіні белгісіз болып келген еді. Мәселен, организімінде өсімдік шаң-тозаңына немесе қандай да бір жеміске антиденесі болғанымен оның симптомдары неліктен білінбейді? Мұның құпиясын ашу үшін америкалық ғалымдар арахиске аллергиясы өткір сезілетін адамдардың IgE антиденесін қадай да бір симптомы жоқ адамдардың IgE антиденесімен салыстырып көрген екен. Нәтижесінде олардың антиденелері айрықшаланатын болып шықты – дәлірегі, аллергиясы өткір сезілетін адамдардың антидене молекуласы сиалдық қышқыл (сиал – гректердің  σίαλον («сілекей») сөзінен алынған. Шырышты қабатта, сұйықтықта және адам тінінде кездеседі – ред.) молекуласымен қосылған. Бұл бағытта жануарларға арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, IgE антиденесінің сиалдық қышқыл молекуласымен байланысқан жағдайда аллергиялық реакцияны күшейткен, ал аталған қышқылды алып тастағанда анафилактикалық шоктың даму қатерін төмендеген. Аталған зерттеуге жетекшілік еткен Роберт Энтонидің (Robert Anthony) айтуынша, осы зерттеу нәтитжесіне орай IgE антиденесінің беткі жағындағы сиалдық қышқыл молекуласының мөлшері аллергиялық ауруларды дәл анықтаудың биомаркері бола алады. Ал IgE антидесенінен сиалдық қышқыл молекулаларын алып тастау аллергиядан зардап шегетін науқасты емдеудің стратегиясына айналуы тиіс. 

Ұқсас материалдар:

«Аллергияға қарсы тиімді зат табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/allergiyaga-qarsy-tiimdi-zat-tabyldy-14949/#gsc.tab=0); 

"Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-immundyq-jasusha-demikpe-men-allergiyaga-qarsy-kureste-totep-beruge-komektesedi-13792/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат