Алжуды 7 жыл бұрын болжауға мүмкіндік беретін биомаркер табылды
Алжуды 7 жыл бұрын болжауға мүмкіндік беретін биомаркер табылды
2 жыл бұрын 1293 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Голуедегі ирландықтардың ұлттық университетінің ғалымдары алжу ауруының пайда болуын 7 жыл бұрын болжауға мүмкіндік беретін биологиялық маркерді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу матриалы жарияланған Journal of Alzheimer мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта, дәлірегі, осы жаңалық белгілі болмай тұрып,  ғалымдар 2011-2014 жылдар аралығында орташа жасы 64,4-ті құрайтын 54 пациенттің қан сараптамасын жүргізген болатын. Жеті жыл бойы олардың миын сканерлеуден өткізіп, қадағалаған еді. Олардың кейбіреуінен Альцгеймердің симптомдары байқалған. Бұдан бөлек, олардың қан құрамында P-tau181 ақуыз мөлшері артқан – бұл ақуыздың мөлшері артқан сайын аталған ауру асқынады. Міне, осы ақуыздың мөлшеріне қарап, алжу қатерін бірнеше жыл бұрын анықтауға болады. Осылайша нейродегенеретивті дертті ерте сатысында  анықтап, емдеуге мүмкіндік еретін биомаркер пайда болды.

 

0 пікір
Мұрағат