Әлемдегі ең үлкен сутегі ұшағы алғашқы сынақ рейсін жасады (видео)
Әлемдегі ең үлкен сутегі ұшағы алғашқы сынақ рейсін жасады (видео)
6 күн бұрын 1153 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

ZeroAvia-ның 19 орынды ұшағы алғашқы сынақ рейсін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы zeroavia.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка-британдық сутегі және электрлік авиация стартапы ZeroAvia әлемдегі ең үлкен сутегімен жұмыс істейтін ұшақтың алғашқы сынағын сәтті өткізді. 19 адамға шақталған, жетілдірілген Dornier 228 10 минут ұшып, Ұлыбританиядағы Котсуолд әуежайына қонды. Dornier 228 - жергілікті авиацияға арналған классикалық қос қозғалтқышты ұшақтардың бірі. Олар әртүрлі елдерде қолданылған және 1981 жылдан 1998 жылға дейін Dornier GmbH неміс компаниясы құрастырып шығарған. Сынақ ұшуы үшін ZeroAvia бұл ұшақты жетлдіріп, екі қозғалтқыштың бірін сутегі-электрлік қозғалтқышқа ауыстырды. Сынақ конфигурациясында сутегі-электрлік қуат блогы ұшып көтерілуді ең жоғары қуатты қолдауға арналған литилік-ионды аккумулятор жинақтары бар екі отын ұяшығы қамтамасыз еткен. Сынақ конструкциясында сутегі цистерналары мен отын ұяшықтарынан қуат өндіру жүйелері оларды басқаруды жеңілдету үшін кабинаның ішіндегі орындықтардың орнына орналастырылды. Коммерциялық модел үшін қозғалтқыштың барлық элементтері кабинаның сыртына жылжытылады. ZeroAvia ұшуға дайын ұшақты 2023 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Егер бәрі ойдағыдай болса, 2025 жылға қарай бұл 600 кВт электр стансасы толық сертификатталады және 9-дан 19 орынға дейінгі ұшақтар коммерциялық рейстерді орындай алады. Аталмыш компанияның есебі бойынша жетілдірілген ұшақ шамамен 556 шақырым қашықтыққа дейін ұша алады. Бұл көрсеткіш стандартты көміртегі отынымен жұмыс істейтін Dornier 228 (1130 км) қарағанда аз, алайда, атмосфераға бөлетін зиянды қалдықтар деңгейі нөл, бәсекелес моделдердің асып түседі. Мысалы, Swedish Heart Aerospace компаниясы небәрі 400 шақырым қашықтыққа жететін 19 орынды сутегі моделін әзірледі.

0 пікір
Мұрағат