Әлемдегі алғашқы құм батареясы ақырында жұмыс істеді: ол энергияны айлар бойы сақтайды (видео)
Әлемдегі алғашқы құм батареясы ақырында жұмыс істеді: ол энергияны айлар бойы сақтайды (видео)
2 жыл бұрын 1653 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Финляндияның батысындағы Канкаанпя қаласындағы шағын электр стансасымен жұмыс істей отырып, Polar Night Energy компаниясы алғашқы өнеркәсіптік масштабтағы құм батареясын құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Финдік ғалымдар тобы әлемде алғаш рет коммерциялық ауқымда немесе мақсатта «құм батареясын» жасады. Оны бірнеше ай бойы жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген энергияны сақтау үшін пайдалануға болады. Жаңғыртпалы энергия көздерінен алынған артық энергия құм батареясына бағытталады. Электрондарды бір электродтан екіншісіне ауыстыру немесе суды жоғарырақ резервуарға жылжыту үшін сорғыларды пайдаланудың орнына, құм батареясы ауа температурасын көтеру үшін резистивті қыздыруды пайдаланады, содан кейін ол жылу алмастырғыш арқылы құмға беріледі.Цельсия бойынша жүздеген градуста құмды қыздыру жолымен құм мұнарасының энергияны сақтау әлеуетін арттыруға болады. Биік сұр бункердің ішінде 100 тоннаға жуық құрылыста пайдаланылған құм бар. Бұл тәсіл басқа батареялар үшін қажет литий, кобальт және никельге салыстырмалы түрде арзан балама. Қазіргі уақытта  құм батареясы ауданның орталықтандырылған жылу жүйесін жұмысын қамтамасыз етеді. Энергия бағасы қымбаттаған кезде батареялардағы ыстық ауа суды жылытуға, содан кейін оны аймақтағы кеңселер мен үйлерге айдауға болады. Финдер бұл технологияны өнеркәсіп үшін ұлғайтуға болатынын алға тартып отыр.

sand battery

sand battery

0 пікір
Мұрағат