Әйелдердің ерлерден ұзақ ғұмыр сүруінің сыры басқада болып шықты
Әйелдердің ерлерден ұзақ ғұмыр сүруінің сыры басқада болып шықты
5 жыл бұрын 6610 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әйелдер ер-азаматтарға қарағанда ұзағырақ ғұмыр сүреді. Осылай болып қалатын да шығар. Бұл заңдылық тек адамдарға ғана емес, сонымен қатар, жануарлар әлемінің бір бөлігіне де қатысты болып шықты. Генетиктердің тұжырымы осындай. Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің ғалымдары бұрынғы қалыптасқан қасаң түсініктен бөлек өз дәлел-дәйегін ұсынып отыр – бұл феноменнің сырын әйелдер мен ер-азаматтардың өмір сүру салтының айырмашылығынан ғана іздемей генетикалық тұрғыдан талдау жасаған. Бұрын қалай еді – ер-азаматтар жат әдеттерге үйір келетіндіктен, қара күшті қажет ететін ауыр жұмысқа жегілуден, т.б. сыртқы факторларға байланыстырып түсіндіретін бұл құбылысты. Яғни, ерлер мен әйелдер хромосомасының айырмашылығы, яғни, жыныстық ерекшелігін негізгі фактор ретінде алға тартып отыр. Әйелдердің бойындағы екі Х-хромосомасы олардың ғұмырын ұзартатын болып шықты. Аталмыш гипотезаның шындығы тек адамдарға қатысты емес, жануарларда да дәлелденді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Biology Letters мерзімді басылымында жарияланды. Генетиктер жәндіктер мен балықтардан бастап, сүт қоректілерге дейін 229 биологиялық түрдің жыныстық хромосомасы мен ғұмыр ұзақтығын зерделеген екен. Жынысы ұрық күйіндегі даму кезіндегі ортаның температурасына қарай анықталатын гермофродиттер мен түрлер бұл зерттеуде қамтылған жоқ. Сүтқоректілердің көбісінде ер жыныстылардың генінде жұп емес жыныстық хромосома (XY) кездеседі, ал ұрғашыларында – жұбымен XX хромосомасы бар. Құстарда бұл басқаша анықталады: ұрғашылары екі түрлі жыныстық хромосомаға ие (ZW), ал ұрғашыларында – бірдей (ZZ). Әйелдердің бойындағы X-хромосомасының біреуінің зиянды мутациясы барлық жасушаларды зақымдамайды, өйткені, соматикалық жасушада X-хромосомасының екі көшірмесінің бірінің белсенділігі оянады. Ал эстрогендер – әйелдер жынысының стероидінің тобы – теломерді (хоромосоманың ұшы) зақымданудан қорғайды, осылайша организмді мезгілінен бұрын ерте қартаюдан сақтайды. «Бірдей жыныстық хромосома жұбы барлар екеуі жұп емес хромосома комбинациясындағыларға немесе бір ғана жыныстық хромосомаға ие адамдарға қарағанда орташа есеппен алғанда 17,6 пайыз артық өмір сүреді. Бұл фактор (ұзақ өмір сүру), тіпті, мұндай хоромосомаға ие ерлер организміне де қатысты (ZZ-хромосомасына көбелектердің еркегі ие)»,- деп айтылған зерттеу нәтижесінде. Десе де ғалымдар хромосомаларды ерлер мен әйелдердің ғұмыр жасын анықтайтын бірден-бір фактор ретінде қарастыруға болмайтынын алға тартып отыр. Адамға, оның дүниетанымының, мінезінің қалыптасуына әсерін тигізетін қоршаған ортаның, әлеуметтік жағдайы мен психикалық жай-күйінің, өмір сүру салтының, т.б. факторлардың адамның өмір сүру ұзақтығын анықтайтын факторлар болып табылатынын айтып отыр.

0 пікір
Мұрағат