Сүннит елінде шиғалық насихатқа тыйым салынды
Сүннит елінде шиғалық насихатқа тыйым салынды
4 жыл бұрын 2217 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі ел аумағында хабар тарататын, шиғалықты насихаттайтын шиғалардың телеарналары мен өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішіне, пирамидалар еліндегі көпке танымал шиғалар белсендісі Ахмет Рәсім әл-Нәписаныңвеб-сайтының қызметіне тыйым салды. Ақпан айының 23-і күні Каирдің әкімшілік соты. Бұл жайында Al-Monitor ақпарат көзі хабар таратты. Мысыр билігі шиғалардың діни идеологияны желеу етіп, жақтастарын көбейтіп, билікке келуінен қауіптенеді. Шиғалықты дәріптеу әріберден соң мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін қадам ретінде бағалануы керек, деп есептейді. Ал Ахмет Рәсім әл-Нәписаның өзі не дейді? Оның келтірген дерегі бойынша бүгінгі таңда Мысыр аумағында кем дегенде 500 мың немесе 1 млн-ға тарта шиғалар өмір сүріп жатыр. Оның айтуынша, мысырдағы шиғалықтың тарихи тамыры тым тереңде жатыр. Мәселен, Фатимидтер шиғалық династиясы 969 жылы Мысыр билігіне келіп, бүгінгі Каир қаласының негізін қалады. Ел орталығы ретінде. Фатимидтер Мысырды табаны күректей 200 жыл [969-1171] билеп-төстегенін алға тартты. Бұдан бөлек, Каирдегі әлемге әйгілі әл-Азһар ислами жоғарғы оқу орны әу баста – 970 жылы шиғалық университет ретінде ашылғанын жеткізді. Кейін крест жорығының бетін қайтырған Салаһаддин мысырдағы шиғаларды биліктен тайдырған. Сонымен шиғалықты насихаттауға тыйым салынған Каир әкімшілік сотының бұл үкімін парламент депутаттары да қолдап отыр. Әсіресе, аймақтағы ахуал шиеленісіп тұрғанда үй ішінен үй тігіп, қоғамды жік-жікке бөлетін кез келген әрекетке тойтарыс берілуі керек деп есептейді депутаттар.

0 пікір
Мұрағат