Адамның көңіл күйі әрдайым қас-қабағынан біліне бермейді – психология
Адамның көңіл күйі әрдайым қас-қабағынан біліне бермейді – психология
4 жыл бұрын 3103 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Сұхбаттасқан адамыңыздың көңіл күйін, яғни, эмоциясын қас-қабағын тануға талпына бермеңіз. Бұл бағытта арнайы әрі ауқымды зерттеу жүргізген америкалық ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл турасында Planet- today ақпарат көзінде айтылған. Огайо университетінің ғалымдары мұндай тұжырымға келмес бұрын адам жүзінің бұлшық ет қозғалысының кинетикалық параметрлерін талдаған әрі талдаудың нәтижесін түрлі эмоциямен салыстырып көрген екен. Огайо жоғарғы оқу орнының электронды және есептеуіш техника профессоры Алекс Мартинестің адамның қас-қабағының қалай болмағы тек аталмыш контекспен ғана өлшеніп қомайтынын (мұндай тар аяда қарастыру қателікке ұрындырады), сонымен қатар, мәдени ерекшелігімен де анықталатынын алға тартып отыр. Мәселен, күлкі адамның көңіл күйінің көтеріңкі екенін білдіре бермейді. Қазақша айтқанда, «сырты бүтін, іші түтін» болуы мүмкін. Сыртынан күліп тұрғанымен, ішінен қан жылап тұруы да мүмкін. Интеллектуалдық деңгейіне және әдебі мен дағдысына байланысты ішкі сыр алдырмауға тырысатын адамдарға қатысты да осыны айтуға болады.

0 пікір
Мұрағат