Адам организімінен тірі зомби жасушалар табылды – жас ұлғайған сайын үлкейе беретін
Адам организімінен тірі зомби жасушалар табылды – жас ұлғайған сайын үлкейе беретін
2 жыл бұрын 1771 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Хромосома ұштарының зақымдалуынан зомби жасушалар пайда болуы мүмкін. Олар тірі болғанымен жұмыс істемейді, яғни, өз қызметін атқарудан қалады. Бұл жайында islam.kz порталы theconversation.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, генетикалық материалдың зақымдалуы өз кезегінде мутацияға ұшыратып, жасушаларды шектен тыс бөлінуіне алып келеді. Бұл қатерлік ісікті тудырады.  Жасушалар бөлінер алдында ондағы ДНҚ хромосомалар түзу үшін ақуыздардың айналасында тығыз оралады. Бұл хромосомалардың ұштарында теломерлер деп аталатын ДНҚ-ның қайталанатын учаскесі болады. Олар генетикалық материалдың зақымдануына жол бермейтін қорғаныс қалпақшасын құрайды. Алайда, теломерлер жасуша бөлінген сайын қысқарады. Бұл жас ұлғайған сайын жасушалардың көбейетінін білдіреді, теломерлер қысқарады және ДНҚ-ны қорғау қабілетін жоғалтады. Дегенмен, теломері қысқарса да жасушалар қатерлі ісік жасушаларына айналудан қашады. Міне, осындай себеппен зомби жасушаға айналады – бұл жасушаның бөліну процесін тоқтатқан кезіндегі процесс, яғни, осылайша не өлі емес, не тірі емес жасуша «зомби жасуша» аталады. Әлбетте, мұндай жасушалар организмде жинала береді, ғалымардың айтуынша, олардың бір пайдасы бар – қатерлі ісік жасушасына айналу қатері бар көрші жасушалардың да қартаюына әсер ету арқылы обыр дертінің алдын алуға көмектеседі. Бұдан бөлек, зомби жасушалар қатерлі ісік жасушалырын жоятын иммундық жасушаларды тартады. Десе де зомби жасушалар тіндер мен иммундық жүйенің қалпына келу процесін бұзып, түрлі ауруға шалдықтырады, бұған қоса, қабынуға жол ашатын химиялық заттар бөледі (бұл арада нақты қандай химиялық заттарды бөлетіні айтылмаған – ред.). Ғалымдар бұл тарапта теломердің зақымдалуы жасушаның қартаюына әрі зомби жасушаға айналуына әсерінің бар-жоғын тексеріп көрген екен. Осы мақсатта адам жасушасының теломеріне зертханада өсірілген ақуызды бекітіп, оған жарыққа сезімтал бояу қосады. Егер жасушаны қызыл түс сәулесінің әсерін ұшыратса, ақуыз ДНҚ-ны зақымдайтын еркін радикалды оттегі бөлетін жоғары реактивті молекуланы істеп шығарады. Бұл процесс тікелей теломердің өзінде жүреді, ал жасушаның қалған бөлігі зақымданудан аман қалады. Десе де ғалымдар жасушаны зомби жасушаға айналдыру үшін зақымдалған теломердің өзі жеткілікті дейді, тіпті, теломердің қорғаныс қалпақшасы қысқармаса да. Бәлкім, бұл теломердегі ДНҚ репликациясында (көшірілуі) ақаудан орын алатын шығар? Бұл жайт өз кезегінде хромосоманың зақымдалуына немесе мутацияға ұшырауына ықпал етпек

0 пікір
Мұрағат