Адам миының жасушалары кіріктірілетін чип жасалады
Адам миының жасушалары кіріктірілетін чип жасалады
1 жыл бұрын 668 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мелбурндық Cortical Labs стартапы Австралияның ұлттық барлау қызметінен 400 мың доллар алды. Өткен жылы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында сенсация болған «DishBrain» жобасын одан ары жетілдіру үшін. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қандай стартап дейсіз ғой? Адам мен кеміргіштердің ми жасушаларының электронды стимулятормен үйлесуі жасанды зерде технологиясының жаңа нұсқасының пайда болуына жол ашады.  Австралиялық әскерилер «чиптегі мидың» әлеуетіне мүдделі, өйткені, ол ми да, чип те емес. Жасушалар жиынтығының тірі болуы олардың өсуіне, мүмкіндіктерін арттыруға, дамытуға және теориялық тұрғыдан шексіз жақсартуға мүмкіндік береді. Жасушалар конструкциясына (құрылымына) қарай кез келген электронды құрылғыға тән қандай бір шектеуден ада. Сонымен қатар, бұл ми ұлпасы (тіні) қандай да бір тіршілік иесінің ағзасы д емес, бөлігі де емес, ол түрлі тапсырмаларды орындау үшін қоректенетін субстраттағы жасушалардың жиынтығы. Олар жеке, өз алдына бөлек дербес нәрсеге айналмайды, оларда ешқандай инстинкт, мақсат, міндет жоқ, оларды басқару салыстырмалы түрде оңай. Тіршіліктің кез келген түрі эволюцияға ұшырайтындықтан австралиялық әскерилер оны «чиптегі миды» жедел қарқынмен дамытуға және пайдалы нәрсеге айналдыруды көздейді.

Мозг на чипе

0 пікір
Мұрағат