Адам миының болашақты «болжауға» қабілеті жете ме
Адам миының болашақты «болжауға» қабілеті жете ме
3 жыл бұрын 1977 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам миы ән-күй, сонымен бірге, сөз тыңдағанда болашақты болжауға қабілетті болып шықты. Дания, Ұлыбритания және Канада ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың пайымдауынша, қандай да бір музыкалық туынды орта жолдан үзіліп қалса, ми оны өздігінен жалғастырып (ойдан шығарып) аяқтайды. Ғалымдар адам миының белгілі бір заңдылықтарға (табиғи, логикалық, т.б.) сүйене отырып, болашақты болжауға тырысатынын алға тартып отыр. Сөзге де қатысты осыны айтуға болады. Аяқталмай қалған сөз тіркесін адам миы өзі аяқтайды. Бұл тараптағы зерттеуге 70-тен аса қатысқан екен. Олар екі топқа бөлінген. Бірінші топтағылар Иоганн Себастьян Бахтың сазын тыңдаған. Тәжірибеге қатысушыларға ойналып жатқан сазды белгілі бір жерден тоқтатып, қайта қосуға, кідіріс жасауға рұқсат етілген. Ал екінші топтағылар бір ғана мелодияны тыңдап, соңында жоғары энтропилік нотада аяқталған соң бағасын берген. Аталмыш зерттеу нәтижесі бойынша алғашқы топ үзінділерді жақсы есте ұстаған, ал екінші топтағылар композицияны тұтас қабылдай алған. Осы орайда мынадай қызықты деректі алға тартамыз: бұрын АҚШ-тағы Джорджтаун университетінің медицина орталығының ғалымдары адамның жасы ұлғайған сайын ақыл-есі кем тартады деген, яғни, ойлау қабілеті төмендейді деген гипотезді жоққа шығарған болатын. Нақтысында ақпаратты қабылдау қабілетімен байланысты мидың негізгі функциясының жас ұлғайған сайын жақсарғаны анықталған еді.

0 пікір
Мұрағат