Адам көзіне қарап қанша ғұмыры қалғанын анықтауға болады – биомаркер
Адам көзіне қарап қанша ғұмыры қалғанын анықтауға болады – биомаркер
3 жыл бұрын 4571 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан 6 ай бұрын сайтымыздың жааңалықтар таспасында жарияланған «Ажалы жақын қалғанын адамның көз қарашығынан да анықтауға болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalganyn-adamnyn-koz-qarashygynan-da-anyqtauga-bolady-15528/#gsc.tab=0) материалымызда көз қарашығының кішіреюі де адамның ажалы жақын қалғанын білдіретін биомаркер ретінде алға шығатынын жазғанбыз. Бұл жол көздің қиығы жағындағы көз торларының адам ғұмырының биомаркері бола алатыны турасында айтпақпыз. Бұл жайында islam.kz порталы «British Journal of Ophthalmology» медициналық мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта қытай және австралиялық ғалымдар таяуда арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адамның көз торларына қарап оның қаншалықты ғұмыры қалғанын анықтауға болады. Білікті мамандардың айтуынша, көз торының жасы ерте қартаюдың клиникалық маңызы бар биомаркері болып табылады. Бұдан бөлек, көз торының жағдайына қарап, өлім қатері жоғары ауруларды, атап айтқанда, патологиялық процестердіғ қан тамырлары мен неврологиялық ауруларды, т.б анықтауға болады. Бұл бағыттағы зерттеуге 40-69 жас аралығындағы 36 мың адам өз еркімен қатысқан екен. Олардың денсаулығына қатысты көрсеткіштер табаны күректей 11 жыл бойы қадағаланып, зерделенген болатын. Осы уақыт аралығында зерттеуге қатысқандардан 1 871 адам (5%) адам бақилық болған. Олардың арасында қатерлі ісіктен көз жұмғандар қарасы көп. Олардың барлығына тән белгі – көз торларының «шапшаң қартаюы»: пациенттің биологиялық жасымен сәйкес келмеген. Дәрігерлердің түсіндіруінше, көз торының нашарлауына ерте тозуы, жүйке және қан тамырларының зақымдалуы себеп болады. Бұған денсаулықпен байланысты түрлі факторлар түрткі болады, соның ішінде, гипертония, қан құрамында қант мөлшерінің және холестериннің жоғары болуы, саламатты өмір салтын ұстанбауы, артық салмақ, т.б.

Ұқсас материалдар:

«Ажалы жақын қалғанын адамның көз қарашығынан да анықтауға болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalganyn-adamnyn-koz-qarashygynan-da-anyqtauga-bolady-15528/#gsc.tab=0)

«Адамның ғұмыр жасын анықтайтын қан анализі пайда болды» https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-gumyr-jasyn-anyqtaityn-qan-analizi-paida-boldy-16127/#gsc.tab=0);

«Адам ажалына 2-3 күн қалғанда білінетін белгілер аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-ajalyna-2-3-kun-qalganda-bilinetin-belgiler-ataldy-15292/#gsc.tab=0);

«Ажалдың жақын қалғанын анықтаудың тәсілі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaldyn-jaqyn-qalganyn-anyqtaudyn-tasili-belgili-boldy-14638/#gsc.tab=0);

"Адамның ажалы жақын қалғанын білдіретін белгілердің бірі аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-ajaly-jaqyn-qalganyn-bildiretin-belgilerdin-biri-ataldy-13231/#gsc.tab=0);

"Ажалы жақын қалған адамның қандай түстер көретіні анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalgan-adamnyn-qandai-tuster-koretini-anyqtaldy-13190/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат