Адам ақуыздарынан жасанды бұлшық ет жасалды
Адам ақуыздарынан жасанды бұлшық ет жасалды
2 жыл бұрын 1690 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар табиғи ақуыздарды пайдалана отырып, жасанды бұлшық еттің жаңа түрін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы pr.uni-freiburg.de ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды бұлшық ет қоршаған ортадағы өзгерістерге қарай бейімделіп, реакция танытады әрі қажет кезде жиырылады. Бұл материалды протездеуде имплант ретінде немесе роботтың икемділігін арттыру үшін пайдалануға қолайлы. Жасанды бұлшық ет – келешгі зор технология, оны ғалымдар пластик, нейлон, резина, нанотүтікше, балауыз тәрізді көміртек әзірлегенде пайдаланады. Аталмыш материал тек роботқа келіп қоймай, сонымен қатар, адам организмі жатырқамайтын имплант ретінде пайдалануға болады. Ғалымдар бұл тарапта тіндерге, мәселен, теріге немесе қан тамырларына икемділік дарытатын эластиннен (табиғи ақуыздардан) жасанды бұлшақ ет жасаған. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, ғалымдар түрлі тітіркендіруші факторларға (мәселен, қышқыл мен температураға) реакция танытатын ақуыздардың екі нұсқасын пайдаланған. Содан соң оларды қабаттап, қандай да бір стимулға (факторға) бір бағытта және өзге стимулда басқа бағытта жауап ретінде жиырылатын және жазылатын жасанды бұлшық ет жасай алды. Содан соң оны ауытқып тұратын химиялық реакция арқылы ырғақпен қозғалуы үшін натрия сульфитімен қанықтырды. Бұл процесті Цельсия бойынша 20 °C-та іске қосуға болады, содан соң рН балансындағы өзгеріске қарай бұлшық ет жиырылатын болады. Циклді температура өзгергенде ажыратуға болады.

0 пікір
Мұрағат