3D принтері арқылы сусамырды емдеуге арналған жасанды ұйқы безі басып шығарылды
3D принтері арқылы сусамырды емдеуге арналған жасанды ұйқы безі басып шығарылды
1 жыл бұрын 983 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Houston Methodist

Аралық жасушаларын (Аралық жасушалар (көне грекше: interstitiocytus; көне грекше: interstitium — аралық; көне грекше: kytos — жасуша) - аталық (ен) және аналық (жұмыртқалық) жыныс бездері стромасында кездесетін, мезенхимадан дамыған эпителиоциттер тәрізді жасушалар. Аралық жасушалар жүмыртқалықта аналық жыныс гормоны — эстрогендерді, енде аталық жыныс гормоны — тестостеронды түзеді.[1] – Уикипедия электронды энциклопедиядан) трансплантациялауға және иммунотерапия жүргізуге арналған имплантацияланатын құрылғы жасалды. Бұл жайында islam.kz порталы  1 типті қант диабетін емдеуде құрылғыны сынау нәтижелері жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Хьюстон әдіскерлері ауруханасы басқаратын зерттеушілер тобы аралық жасушаларын жеткізу үшін жұқа имплантацияланатын «биоинженерлік ұйқы безі» құрылғысын жасады. Имплантпен емдеу глюкоза деңгейін қалпына келтірді және жануарлар тәжірибесінде 150 күннен астам уақыт бойы 1 типті қант диабетінің симптомдарын (белгілерін) жойды. Сонымен қатар, иммуносупрессанттардан жағымсыз реакциялар аз болды. Әзірлеушілер өз құрылғысын NICHE деп атады. Бұл тері астына салынатын жалпақ имплант. Ол аралшық жасушаларына арналған резервуардан және иммуносупрессанттарға арналған резервуардан тұрады. Әзірлеушілер имплантацияға дайын құрылғыны бірнеше минут ішінде 3D принтерде басып шығаруға болатынын атап өтті. Сонымен қатар, бұл жасуша трансплантациясы мен иммундық жауапты бақылау үшін бір уақытта қолданылатын алғашқы платформа. Құрылғы қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді толтыруға арналған сыртқы «порттарды» қамтиды. Жануарларға жүргізген тәжірибелерінде зерттеушілер дәрілік резервуарларды әр 28 күн сайын толтырып отырды. Бұл құрылғыны өз кезегінде мигреннің (бас сақинасы) алдын алу немесе ВИЧ дертін емдеу секілді - дәрігерге белгілі бір мерзімде баруды талап ететін, ұзақ әсер ететін дәрілермен салыстыруға болады. 1 типті қант диабеті, яғни, сусамыр - ұйқы безінің жасушаларын бұзатын аутоиммундық реакциямен байланысты кең таралған ауру. Аталмыш аурудан зардап шегетін организм инсулинді жеткілікті түрде істеп шығара алмайды. Бұл тараптағы дәстүрлі емдеу түріне инсулин инъекциясын ұдайы қолдану жатады. Дегенмен, күрделі жағдайларда науқастарға донорлардың ұйқы безінен аралық жасушаларын (эндокриндік жасушалар) тұрақты трансплантациялауды қажет етеді. Мұндай трансплантация пациенттің жағдайын жақсартады, десе де кез келген ағза мен тінді  трансплантациялауда орын алатын донорлық жасушаларды организмнің жатырқамауы үшін иммундық белсенділікті басуға тура келеді.  Иммуносупрессивті препараттарды қабылдаған науқастың бойында әдетте көптеген кері әсерлер байқалғанын айта кету керек. Зерттеушілер трансплантацияланған жасушаларды да, иммуносупрессанттарды да бір құрылғыда жергілікті түрде енгізетін жаңа технология кері әсерлерді азайтатынын атап өтті.

Имплантациялық құрылғы. Сурет: Jesus Paez-Mayorga және т.б., Nature Communications
0 пікір
Мұрағат