Түріктердің жойқын қаруы: «Қызыл алма» бесилотнигінің қабілеті қандай? (видео)
Түріктердің жойқын қаруы: «Қызыл алма» бесилотнигінің қабілеті қандай? (видео)
2 жыл бұрын 1802 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осыдан бірер күн бұрын Түркияның Самсун қаласында өткен технологиялық фестивалда Bayraktar Kızılelma («Қызыл алма») ұшқышсыз ұшатын әскери ұшақты жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Baykar компаниясының техникалық директоры Селжүк Байрактар Bayraktar Kızılelma жүйесіне «авиация болашағы» деп баға берді. Оның айтуынша, Bayraktar Kızılelma агрессиялық маневр жасауға қабілетті және жасанды зерде жүйесі дамыған. Bayraktar Kızılelma - бұл дыбыстан жылдам жасырын тасымалдаушыға негізделген ұшқышсыз ұшу аппараты. Жобалық деректерге сәйкес бұл ұшақтың қалыпты ұшу биіктігі - 12 000 метр және 1,5 тоннаға дейін жүк көтере алады. Оның үстіне, оның құрылысына Украинада жасалған қозғалтқыштар қолданылады. Алғашқы рейстер 2023 жылы болады деп жоспарланып отыр. Ұшқышсыз ұшақ жау нысанасына соққы бере алады, сондай-ақ, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін басуға қабілетті.

0 пікір
Мұрағат