Түрік фермері сиырдан мол сүт алудың оңай жолын тапты (видео)
Түрік фермері сиырдан мол сүт алудың оңай жолын тапты (видео)
9 ай бұрын 3410 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ізет Қожақ есімді түрік шаруа қожасы сиырдан сүт алудың оңай тәсілін тапты, дәлірегі, осы заманғы технология көмегімен – виртуалды шындық VR-көзілдірігін кигізу арқылы сиырды иітіп, сауылатын сүттің мөлшерін 22%-ға арттыра алған. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің haberturk.com және ағылшын тілінде хабар тарататын The Science Times ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. VR-көзілдірік таққан сиыр жаз мезгіліндегі шалғынды белді көріп, стресс пен мазасыздықтан арылады. Жағымды көріністен бір сиырдан 27 литрге дейін сүт сауатын болды, бұрын бұл көрсеткіш 22 литрден аспаушы еді. Сиырларға арналған виртуалды шындық көзілдірігін мәускеулік мамандар 2019 жылы красногарлық фермерлердің мал дәрігерлерімен бірігіп жасаған екен. Аппаратура ірі қараның көру қабілетіне сай етіп жасалған. Бұдан бөлек, түрік фермері сиырларына классикалық әуен қойып береді. Бұл да сиырдың сүтті мол беруіне ықпал еткен.

0 пікір
Мұрағат