Тұрғын үй дағдарысынан уақытша немесе біржола құтқаратын жоба пайда болды (видео)
Тұрғын үй дағдарысынан уақытша немесе біржола құтқаратын жоба пайда болды (видео)
3 ай бұрын 669 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттардағы тұрғын үй дағдарысы бір кездері уақытша тұрғын үй ретінде жобаланған, десе де тұрғылықты баспана бола алатын арзан, жылжымалы құрылымдарды жетілдірді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы сала көшбасшыларының бірінен саналатын CMAX Systems компаниясы нарыққа бірегей ұсынысты - «қораптан соғылған үй» жобасын ұсынды. Салмағы небәрі 150 келі тартатын оны жүк көлігінің артқы жағында тасымалдауға болады және екі адам 10 минутта орнатуға болатын бұл құрылым 8 тұрғынға шақталған. Бастапқыда CMAX апат аймақтары үшін құрастырмалы тұрғын үй, босқындар үшін уақытша баспана және әскерилер мен құтқарушылар үшін жылжымалы ғимарат ретінде жобаланған. Сондықтан оның ойлы-қырлы жерлерде орналастыру үшін қолмен реттелетін іргетас есебіндегі тіректері бар. Дәлірегі, бұл - түрлі компоненттерді, атап айтқанда, желдеткішті, күн батареяларын, су тазартатын құралдарды, тоңазытқышты, медициналық немесе басқа арнайы жабдықты орнатуға болатын жақтау түріндегі құрылым.

0 пікір
Мұрағат