Цунамиден қорғану үшін қолға алынған жоба жапондардың наразылығын тудыруда. Неге? (фото)
Цунамиден қорғану үшін қолға алынған жоба жапондардың наразылығын тудыруда. Неге? (фото)
6 жыл бұрын 10497 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан жеті жыл бұрын, яғни, 2011 жылы күншығыс елінде орасан зілзала орын алып, оның арты алапат цунамиге ұласты. Бұл төтенше жағдайда «Фукусима-1» атом электр стансасында апат болды әрі 16 мың адам опат болды. Осыны ескерген жапон билігі аса күшті табиғи апаттан қайталана қалған жағдайда азаматтарын қалай құтқару керектігіне бас қатырды. Нәтижесінде теңіз жағалауында биіктігі 12 метрге жететін дуал тұрғызып жатыр. Бұл ауқымды жобаны жапондар алғашқыда қос қолын көтеріп, алақайлап қарсы алған еді, алайда, артынан теңіз көзден бұл-бұл ұшқан соң наразылық білдіре бастады. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін дуалдан терезелер ойып, орнатқанымен кеңістік тарылып, жапондар өздерін түрмеге қамалғандай күй кешіп отыр. Айта кету керек, осы уақытқа дейін 400 шақырым қашықтыққа дейін дуал тұрғызылып қойды. Бұл жоспарланған құрылымның тек бестен бір бөлігі ғана екенен ескерсек, алда атқарылар жұмыстың шамасын өзіңіз топшылай беріңіз. Бұл жобаға жапон билігі шамамен 12 млрд доллар жұмсамақ. 

0 пікір
Мұрағат