Тек ыстық жақта өсетін жеміс импортынан құтылу үшін экологиялық авокада жасалды
Тек ыстық жақта өсетін жеміс импортынан құтылу үшін экологиялық авокада жасалды
2 жыл бұрын 1499 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Арина Шокоуи есімді британдық дизайнер Джек Уоллман есімді тағам технологымен бірігіп, авокаданың экологиялық имитациясын жасады. Бұл жайында islm.kz порталы Dezeen ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арина Шокоуидің айтуынша, саламатты өмір салтын ұстанатындар авокадоны молынан тұтынады. Ал экзотикалық бұл жемістің бір түбін өсіру үшін 320 литр су кетеді. Бұдан бөлек, осынау өсімдікті өсіретін алқап үшін тропикалық орман оталуда. Бұл жайт өз кезегінде биологиялық әр алуандылықты азайтады. Ecovado деген атау берілген экологиялық жеміс рапс майы қосылған ұнтақталған бұршақ, алма және фундуктан, қысқасы, жергілікті өнімдерден жасалған. Ecovado сүйегі грек жаңғағынан жасалған. Имитациялық жемістің қабығы жасыл тағам бояуы жалатылған, биологиялық тұрғыдан ыдырап кететін (немесе одан майшам жасауға болады) балауыздан жасалған.

0 пікір
Мұрағат