Тағам қапталған пластик бөлшегі екі сағаттан соң тамақтанған тышқанның миынан табылды
Тағам қапталған пластик бөлшегі екі сағаттан соң тамақтанған тышқанның миынан табылды
2 жыл бұрын 1955 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар пластик нанобөлшектерінің гематоэнцефалдық тосқауылды (гематоэнцефалдық тосқауыл - мидың қорғаныш қабаты)  еңсере алатынына көз жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы mdpi.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Вена және Дебрецен университеттерінің зерттеушілер тобы пластикалық нанобөлшектердің қан айналымы жүйесі арқылы таралуына мүмкіндік беретін тетікті зерттеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, полистирол бөлшектері гематоэнцефалдық бөгетті еңсеріп, миға енеді. Бұл жайт өз кезегінде қабынудың, неврологиялық ауытқулардың және нейродегенеративті аурулардың пайда болу және даму қаупін арттырады.

Ғалымдар бұл бағытта алты тышқанға тәжірибе жүргізді. Олардың үшеуіне, мысалы, тамақ өнімдерін орау үшін қолданылатын пластикалық полистиролды ауызнан енгізді. Кеміргіштерге қоректенгеннен кейін эвтанизация процеддурасы қолданылды (иньекция арқылы өлтірілді, содан соң олардың миын ашып көрді. Сараптама микропластикалық бөлшектердің тышқандардың миында қорек қабылдағаннан кейін екі сағаттан соң табылғанын көрсетті.

Гематоэнцефалдық бөгет – улы және зиянды заттардың миға енуіне жол бермейтін қан тамырлары мен тіндерінің желісі. Ол тек судың, оттегінің, жалпы анестетиктердің және көмірқышқыл газының миға енуіне мүмкіндік беретін жасушалық тосқауыл. Пластиктің бөлшектері гематоэнцефалдық тосқауылдан өтпеуі тиіс еді, алайда, наноөлшемді элементтер бөл бөгетті еңсерген. Жалпы наноблшектердің ммиға енуі күрделі процесс – бөлшектің көлемі, химиялық құрамы, оның қандай жасушамен өзара әрекеттесетіні секілді бірқатар факторға байланысты.

Ұқсас материалдар:

«Микропластик адам жасушасының жауына айналуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-adam-jasushasynyn-jauyna-ainaluy-mumkin-17393/#gsc.tab=0);

«Адам өкпесінен алғаш рет микропластик табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-okpesinen-algash-ret-mikroplastik-tabyldy-16855/#gsc.tab=0);

«Адам қанынан алғаш рет микропластик табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-qanynan-algash-ret-mikroplastik-tabyldy-16554/#gsc.tab=0);

«Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-miga-da-enui-mumkin-zertteu-16096/#gsc.tab=0);

"Адам аптасына орта есеппен 5 грамм пластик жейді – зерттеу" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-aptasyna-orta-eseppen-5-gramm-plastik-jeidi-zertteu-16854/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жатыр" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastikten-asa-qauipti-bakteriya-tabylyp-jatyr-15524/#gsc.tab=0);

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

"Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastiktin-dalaga-qaraganda-uide-shogyrlanu-dengeii-jogary-bolyp-shyqty-15375/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

"Организиміне микропластик енген жәндіктің эволюциялық өзгеріске ұшырайтыны анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/organizimine-mikroplastik-engen-jandiktin-evolyutsiyalyq-ozgeriske-ushyraityny-anyqtaldy-16853/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0); 

«Бір жолғы емес, бірнеше рет пайдалануға болатын пластик шөлмектен қауіпті қосындылар табылды: олардың 70%-ы беймәлім қосындылар» (https://islam.kz/kk/news/arturli/bir-jolgy-emes-birneshe-ret-paidalanuga-bolatyn-plastik-sholmekten-qauipti-qosyndylar-tabyldy-olardyn-70-y-beimalim-qosyndylar-16415/#gsc.tab=0);

"Қайта өңделген пластик алғашқы өңдеуден өткен полиэтилентерефталаттан да қауіпті болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/qaita-ondelgen-plastik-algashqy-ondeuden-otken-polietilentereftalattan-da-qauipti-bolyp-shyqty-16539/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат