Стресс кезінде өсімдіктер де «айқайлайды» (видео)
Стресс кезінде өсімдіктер де «айқайлайды» (видео)
4 ай бұрын 575 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әдетте өсімдіктер әлемі жел соқпаса қозғалмайтындықтан жансыз, соған байланысты үнсіз әлем ретінде қабылданады. Алайда, израилдік ғалымдардың айтуынша, олар стреске ұшырағанда дыбыс шығарады, олардығ айқайы адамның күбірлеп сөйлескеніндегі дыбыс деңгейінде болады. Бұл жайында islam.kz порталы Cell, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын ғалымдар өсімдіктердің дыбыс шығара алатынын анықтаған. Ал Тел-Авив университетінің (Израил) ғалымдары одан ары тереңдеп, өсімдіктер шығаратын дыбыстар ауада айтарлықтай қашықтыққа - бір метрге дейін таралатынын және теориялық тұрғыдан өсімдіктердің экожүйедегі басқа организмдермен байланысуына мүмкіндік беретінін білді. «Айқайдың» жиілігі адам құлағы ести алмайтындай жоғары, ал басқа жануарлар мен өсімдіктер оларды анық ести алады. Десе де өсімдіктердің дыбысты қалай шығаратынын, яғни, нақты тетігін ғалымдар әлі білмейді. Өсімдіктер ұзақ уақыт суғарылмағанда, бұтағын кескенде немесе жапырағын жұлғанда, т.б. жағдайларды стреске түсіп, «айқайлайды». Ғалымдар «айқайлаудың» бір жолы - өсімдіктің тамырлы тіндерінде ауа көпіршіктерінің пайда болуы және жарылуы, деп болжайды (бұл процесс кавитация деп аталады).

 

0 пікір
Мұрағат