Смартфонның көгілдір жарығы жасушаның химиялық құрамын өзгертіп, ерте қартайтады – зерттеу
Смартфонның көгілдір жарығы жасушаның химиялық құрамын өзгертіп, ерте қартайтады – зерттеу
2 жыл бұрын 1617 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған гаджеттің экранынан шашыраған көгілдір жарық жасушаның негізгі қызметіне кері әсерін тигізетін болып шықты, дәлірегі, адамды ерте қартайтады. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдар жасушасындағы химиялық заттар адамдікіне ұқсас, жеміс-жидекке үйір шыбындарға бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізіп, осындай қорытындыға келген екен. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Йадуига Гибултович есімді ғалымның сөзіне қарағанда, теледидардан, ноутбуктерден және телефондардан шашырайтын көгілдір жарықтың шамадан тыс әсерінен денедегі көптеген жасушалар, соның ішінде тері жасушаларынан сенсорлық нейрондарға дейін зақымдалуы мүмкін. Мұндай өзгерістер жасушаның жұмысына қажетті химиялық процесті жүзеге асыратын нақты метаболит (зат алмасу процесі) деңгейінде болатынын анықталып отыр. Көгілдір жарық шыбындардың «стресстен қорғайтын гендерін» белсендірген. Осыдан кейін кейбір метаболиттердің деңгейі айтарлықтай өзгерді. Мысалы, сукцинат деңгейі күрт өсті және глутамат концентрациясы төмендеп кетті. Бұл заттар жасушалардың дұрыс жұмыс істеуі және нейрондардың байланысы үшін қажет, сондықтан мұндай өзгерістер ерте қартаюға және өлімге әкелуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат