Секіре алатын дрон құрастырылды (видео)
|
![Секіре алатын дрон құрастырылды (видео)](https://static.islam.kz/uploads/images/FF3/Xud/7QSCQCrdFRPxsRkc-lg.png)
Қосымша бөлік квадрокоптердің ұшу уақытын және жүк көтеру қабілетін арттыруға көмектесті. Гонконгтағы екі университеттің инженерлер тобы әдеттен тыс секіретін робот құрастырды. Бұл бағыттағы тәжірибеге бір квадрокоптер тартылды. Оның төменгі бөлігіне серіппелі телескопиялық «аяғы» бекітілді. Бұл жайында islam.kz порталы Tech Xplore ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа мүмкіндік квадрокоптердің батареясының таусылу уақытын азайтып, ұшу уақытын ұзартуға мүмкіндік берді. Ғалымдар роботтың өз қалауынша секіре алатынын, бір жерден екінші орынға оңай қозғалатынын анықтады. Ол секіру кезінде де көкке көтеріле алады, яғни, секіре жүріп әдеттегі квадрокоптер режиміне толығымен ауысады. Сынақ нәтижесі көрсеткендей, робот тігінен секіріп қана қоймай, сонымен қатар, тегіс емес, қия беттерге, ойлы-қырлы жерлерде секіруге және көлденең қозғалуға қабілетті. Робот қабырғаға немесе басқа құрылымға соғылып қалса, «аяғын» бампер ретінде пайдалана алады.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)