Робот дәретхана сізді әжетханаға бару қажеттілігінен құтқарады
Робот дәретхана сізді әжетханаға бару қажеттілігінен құтқарады
18 сағат бұрын 153 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздігінен тазаратын құрылғы лидармен (Лидар — лазер сәулесінің көмегімен қашықтықты өлшейтін технология, қоршаған ортаның дәл үш өлшемді үлгілерін жасайды) және ультрадыбыс датчигімен жабдықталған. Бұл жайында islam.kz порталы China Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кей адамдар түннің бір уағында қысылып, дәретханаға бару үшін орнынан тұруға тура келеді. Міне, осындай қолайсыздықты ескерген қытайдың Yueban технологиялық бренді әлемде алғашқы өздігінен қозғалатын, дәлірегі, адамның бұйрығымен жақындайтын дәретхана ойлап тапты. «Сяобан» («кішкентай көмекші» деп аударылады) атты робот-унитаз Қытайда қазірдің өзінде 28 999 юан бағамен сатылып жатыр. Түймені немесе дауыстық пәрменді (ауызша бұйрықты) басқаннан кейін құрылғы иесіне келіп, оны орнынан тұру қажеттілігінен құтқарады. Әзірлеушілердің айтуынша, робот өз бетінше адам әжетін өтеп болған соң оның нәжісін немесе зәрін сумен жуып тазартады. Басқару тетігі түймелері бар пульттің немесе дауыстық командалардың көмегімен жүзеге асырылады. Дауысты тану жүйесі дербес күйде жұмыс істейтіндіктен Wi-Fi-ы жоқ үйде дәретхананы шақыру қиындық тудырмайды. «Сяобан» командасын алғаннан кейін «AI 3D кедергілерді айналып өту жүйесін» пайдаланады және тікелей пайдаланушыға бағытталады. Робот үй-жайдың картасын жасауға және кедергілерді айналып өтуге мүмкіндік беретін лидар мен ультрадыбыстық датчиктердің комбинациясымен жабдықталған. Yueban компаниясының айтуынша, құрылғы камераларды пайдаланбайды, бұл һ+өз кезегінде пайдаланушылардың құпиялылығын сақтауға кепілдік береді. Адам әжетін өтеп болғаннан кейін толық және автоматты гигиеналық өңдеу процедурасы іске қосылады: құралды жылы сумен шайып, ауа ағынымен кептіреді және залалсыздандыру үшін ультракүлгін сәулемен өңдейді. Унитазда, сондай-ақ, иісті бейтараптандыру жүйесі көпіршікті тосқауылмен және белсендірілген көмірмен жабдықталған. Адам пайдаланып болғаннан кейін пайдаланушының бұйрығымен робот док-станциясына жіберіледі. Ол тікелей су құбырына қосылады, ал қалдықтар қоқысты болдырмайтын шу деңгейі төмен ұсақтағыш арқылы өтеді. Егер «Сяобан» док-станцияны таба алмаса, ол кәдімгі унитазға кіре алады. Босатылғаннан кейін құрылғы қысымдағы су ағынымен және ультракүлгін сәулемен дербес тазартылады. Yueban компаниясы қарт адамдар мен жүріп-тұруы қиын адамдарға немесе төсек тартып жатқан науқастарға көмекші құрал ретінде шығарып отыр мұндай құрылғыны. Бренд өкілі компания қоғамды зияткерлік технологиялардың көмегімен инклюзивті етуге күш салатынын мәлімдеді. Алайда, әлеуметтік желі пайдаланушылар бірегей құрлығының орнынан тұрғысы келмейтін жалқауларға да қолайлы құрал бола алатынын алға тартып отыр. Робот-дәретхана қарттарға күтім көрсету құралдарының, қосалқы құрылғылардың және оңалту медицинасының Шанхай халықаралық көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды.

0 пікір
Мұрағат