|
Қытай теңіз үстінен жылдамдығы жоғары пойыз жүргізді (видео)
|
Қытайда теңіздің үстімен өтетін теміржол пайдалануға берілді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тайуан бұғазының жағалауындағы екі қаланы, атап айтқанда, Фужиан деп аталатын провинциясының астанасы – Фужоу экономикалық орталығын Тайуан бұғазының жағалауындағы аса ірі Сиамын айлағын жалғап жатқан теміржолда пойыз сағатына 350 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Жалпы ұзындығы 277 шақырымға жететін теміржолдың 19,9 шақырымы тікелей теңіз үстімен өтеді. Аталған екі қаланың арасындағы қатнау уақыты бір сағатқа жетпейді. Бұрын бұл аралыққа адамдар 1 жарым сағаттай уақытын жоғалтатын. Теміржолды China Railway Siyuan Survey and Design Group Co., Ltd компаниясы жобалап, құрылысын жүргізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды
■
Тағы бір ел адам тәрізді роботтарды қарулы күштер сапына қабылдайды
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Ислами инвестиция биржаға шығады: Қырғызстан жаңа сектор ашуға дайындалып жатыр