|
ҚЫТАЙ ХАЛҚЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЕСЕКТЕРІНЕ КӨЗ СҮЗІП ОТЫР
|
Қытайға әлі ет экспортын ұйымдастырып бітпеген Ауыл шаруашылығы министрлігі, көршілерге есек еті мен терісін де тасымалдаймыз деп отыр. Айтуларынша, Қытай елі қазір есектің етіне аса қызығып отырған көрінеді. Ет тасымалы негізінен Қытайдың батысына, яғни мұсылмандар: қазақ пен ұйғыр, дүнгендер шоғырланған жеріне жіберілсе, есек еті мен терісі орталық Қытайға дейін бармақ. "Қазір Қытай тарапынан есектің еті мен терісіне сұраныс артып отыр. Осыны ескеріп Қазақстанның оңтүстік аймақтарында арнайы шаруашылықтар ашпақпыз. Ол жерлерде арнайы Қытайға экспортталатын есектер өсіріледі", - дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді