|
Қоқысты жинайтын робот балық құрастырылды (видео)
|
Суррея (Англия) университетінің студенттері табиғаттың көшірмесіндей роботтар құрастырудан халықаралық бәйгеде жүлдегер атанды. Олардың қолынан шыққан, пластиктен әзірленген балық робот суда жүзе алады, құйрығын бұлғаңдата алады, аузын аша алады. девайстың жалғыз міндеті – су қоймаларын микропластиктен тазартады. Құрылғының ішінде арнайы сүзгі торы мен желбезек клапаны бар. Сүзгі суды өткізіп, микропластикті ұстап қалады. Ұзындығы 50 сантимтер болатын робот балық қараңғыда жарқырайды, судың көмескілігін (лайлану деңгейін) өлшейтін датчикпен, шамшырақпен (фонар) жабдықталған. Сыммен жұмыс істейді. Болашақта қашықтан пульт арқылы басқарылатын әрі камералар жүйесімен жабдықталатын прототипі құрастырылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды