Қазақстандықтар бір-біріне жаңадан пайда болған телефон алаяқтығы туралы ескертуде
Қазақстандықтар бір-біріне жаңадан пайда болған телефон алаяқтығы туралы ескертуде
8 жыл бұрын 2882 stan.kz Фото: sevzaptakelaj.ru

Қазақстандық WhatsApp қолданушылары бір-біріне жаңадан пайда болған телефон алаяқтығы туралы ескертпе хабарламалар жіберуде.

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

WhatsApp қолданушылары бір-біріне хабарлама жазып, жаңадан пайда болған алаяқтықтан сақтану керектігі туралы ескертіп жатыр.

“Сізге өзін ұялы байланыс компаниясының инженері деп таныстыратын адам хабарласады. Ол сізге мобилді желіні тексеріп жатқанын, сол себепті #90 немесе #09 нөмірін теріңіз деп айтады”, – делінген хабарламада. Осы сөздер айтылғаннан кейін жылдам байланысты үзу қажет.

“Олар ұсынған комбинацияны орындамаңыздар. Осы арқылы алаяқтар сіздің SIM картаңыздың құпиялығына қол жеткізіп, сіздің есебіңізден телефон шала алатын болады немесе сіздің мобилді банкіңізге ие болып алады”, – дейді хабарламада.

0 пікір
Мұрағат