Тәжік парламенті «Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заңға өзгерістер мен түзетулер енгізді. Тәжікстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) төрағасы Саймуъмин Ятимов парламентте сөйлеген сөзінде заңға өзгерістер енгізудің себебін «террористер құпия әрекет етеді, күштік құрылымдар да жасырын түрде жұмыс істеулеріне тура келеді» деп түсіндірген.
|
Тәжікстанның арнайы қызметі азаматтардың үйлерін рұқсатсыз тексеретін болды
|
centralasian.org-тың дерегінше, Ятимов атап өткендей, «өзгерістерге сәйкес, арнайы қызмет өкілдері уақыт тығыз кезде террористер жасырынған тұрғын үйлерге ордерсіз кіруге мүмкіндік алады».
«Тәжікстанның заңдарында азаматтардың жеке меншігіне қол сұғушылыққа орын бермейді деп жазылған, бірақ, террористік актіге қауіп төніп тұрғанда, тұрғындардың өмірін сақтап қалу үшін азаматтардың рұқсатсынсыз үйлерін тексеруге тура келеді», - деді МҰҚК төрағасы.
Парламент мәжілісі төрағасының егер үйде бейбіт тұрғындар болып шықса қалай болады деген сауалына Тәжікстан президентінің көмекшісі Тәжікстан заңдарына сәйкес өтемақы төленеді, деп жауап берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күн панелдерінің Тибет тұрғындары мен оның табиғатына әсері таспаға тартылды (видео)
■
Қытай табиғатта сирек кездесетін минерал түрін тапты
■
Халал секторы бір мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 27 пайызына жетті
■
Балалардың атына жеке кәсіпкерлікті қай кезде рәсімдеуге рұқсат етіледі?
■
Жапония экономикасына, қару-жарағына, технологиясына қажетті импорт бойынша «ауыр соққы алды»