Қалалық жердегі шудан адам қандай кеселге шалдығады
Қалалық жердегі шудан адам қандай кеселге шалдығады
2 жыл бұрын 1495 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қалалық жердегі шу адамның денсаулығына сөзсіз кері әсерін тигізеді, деп есептейді Ресейдегі И. И. Мечников атындағы солтүстік-батыс мемлекеттік медициналық университетінің коммуналды гигиена кафедрасының меңгерушісі Кирилл Фридман. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Бесінші арнаға» сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, адам қаланың шуына үйренгенімен денсаулығына қаншалықты зиянын тигізетінін сезбейді. Шу – электрлі-магнитті және радиациялық сәулелермен қатар тұрған қоршаған ортаны ластаушы фактор. Білікті маманның сөзіне қарағанда, ұдайы шу тек құлаққа зиянын тигізіп қоймай, сонымен қатар, жүйке жүйесіне салмақ түсіреді, дәлірегі, невроз, психикалық ауытқу секілді ауруларға бастайды. Бұдан бөлек, жүрек-қан тамырларының ауруларына, гипертонияға ұрындырады, тіпті, микоард инфракті алу қатерін тудырады. Қалалық жердегі шудың  негізгі көзі – қала көліктері. Күндізгі децибел деңгейі 20-дан аспайды қалалық жерде. Нормасы осы. Алайда, бұл норма сақтала бермейді. Бұған автокөліктердің көптігі ғана емес, көп қабатты тұрғын үйлердің бір-біріне жақын орналасуы да өз әсерін тигізеді. Яғни, дыбыстық ауытқуды «тасымалдайды».

0 пікір
Мұрағат