Қай елдердің мұсылмандары ең ұзақ уақыт және ең қысқа уақыт ораза ұстайды?
Қай елдердің мұсылмандары ең ұзақ уақыт және ең қысқа уақыт ораза ұстайды?
2 жыл бұрын 2055 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ертең қасиетті Рамазан айы кіреді. Соған байланысты күндіз ас-судан тыйылып, исі мұсылман ауыз бекітеді. Алайда, жердің әр түкпірінде орналасқан ендігіне байланысты ауыз бекітудің уақыты әр түрлі болып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al Jazeera телеарнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы жылдары солтүстік жарты шарда тұратын мұсылмандар үшін күндізгі оразаның ұзақтығы қысқарды және ол дейін 2031 жылға дейін қысқара береді. Экватордың оңтүстігінде тұратын мұсылмандар үшін керісінше. Биыл  Гренландия, Исландия, Финляндия, Швеция және Шотландия мұсылмандары ең ұзақ уақыт ораза ұстайды - шамамен 17 сағат. Жаңа Зеландия, Австралия, Чили, Уругвай, Оңтүстік Африка, Парагвай және Аргентинадағы мұсылмандар ең қысқа уақыт ауыз бекітеді - шамамен 12 сағат. 

0 пікір
Мұрағат